AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекетке борышкер 3 банк атауы жария болды

Мемлекетке борышкер 3 банк атауы жария болды

Әлеумет 03.04.2024, 15:39 983
Мемлекетке борышкер 3 банк атауы жария болды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың сәуір айының басында Jusan bank, Bank RBK, Halyk bank, «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк» және «Нұрбанкке» мемлекеттік қолдау сақталып отыр. Мемлекеттің қолдаудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайды.


Агенттік мемлекеттік бюджет, Ұлттық қор, Ұлттық банк және (немесе) оның еншілес ұйымдарының, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығын және (немесе) сауықтырылуын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы тартылған қаражаттарды пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген салымдар, облигациялар, қарыздар бойынша банктің міндеттемелері мемлекеттік қолдау деп танылатынын атап өтті.


«Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатты банктер жасалған келісімшарт шарттарына сәйкес қайтарады», - деп атап өтеді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.


Бұл ретте, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қолдау алған банктер мемлекеттік қолдау есебінен түскен кіріс есебінен акционерлерге дивидент төлей алмайды. Сонымен қатар теріс капитал болған жағдайда дивиденд төлеуге тыйым салынған. Соның арқасында өткен жылы Halyk bank пен Bank RBK 81,3 млрд теңге 68,4 және 12,9 млрд теңге) көлемінде мемлекеттік көмекті жартылай қайтарды.


Бұған қоса, үш қаржы ұйымы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қатысушысы саналады. Олар: «Еуразиялық банк», «Банк ЦентрКредит» және «Нұрбанк». Бұл банктерге аталған бағдарламадан шыққанға дейін дивиденд төлеуге толықтай тыйым салынған.


Бағдарлама қатысушылары 5 жыл бойы орындалуы тиіс міндеттемені алады. Олар мыналары:


- акционерлердің жарғылық капиталға ақша құюы немесе бөлінбеген таза пайданы жинақтау жолымен банкті капиталдандыру;


- акционерлер құрылымының транспаренттілігін арттыру (түпкілікті бенефициарларды анықтау);


- банктің қарыз қаражаты есебінен банкті капиталдандыруды жүзеге асырмау;


- банктің басшы қызметкерлеріне белгіленбеген сыйақылар (бонустар) төлеуді шектеу;


- банк акционерлеріне жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді шектеу;


- агенттік айқындаған өлшемшарттарға сәйкес тәуекел деңгейі жоғары қарыздар беруді шектеу.


Егер банк өзіне алған міндеттемелерді орындамаса, онда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалау ден қою шараларын қабылдауға немесе банктің ірі акционерін мемлекетке ауыстыруды көздейтін облигацияларды жай акцияларға айырбастауға құқылы.


Қадағалау сипатындағы шараларға қандай да бір бұзушылықты жою туралы ұйғарым, айыппұл (жойылмаған жағдайда) және лицензиядан айыру кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #Борышкер #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика