AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет реттейтін кәсіптер бойынша жұмыскерлерді...

Мемлекет реттейтін кәсіптер бойынша жұмыскерлерді сертификаттау міндеттеледі

Әлеумет 14.12.2022, 06:41 864
Мемлекет реттейтін кәсіптер бойынша жұмыскерлерді сертификаттау міндеттеледі
Сурет: Ortcom.kz

Кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дұрыс қалыптастыруды көздейді.


Мәжілістің жалпы отырысында «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмасын орындау бағытында әзірленді. Бұл құжат Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру және дамыту кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Ұлттық біліктілік жүйесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көпшілігінде мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып саналады. Бұл жүйені олар еңбек әрі жұмыспен қамту нарығын ұзақ мерзімді дамыту ісінде қолданады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.



Осы орайда ол заң жобасында Ұлттық біліктілік жүйесінің міндеттері айқындалғанын атап өтті.



«Біріншіден, қолданыстағы және алдағы уақытта қажет болатын кәсіптер мен кәсіптік біліктіліктерді реттеп, бірыңғай жүйеге келтіру ескерілген. Қазіргі кезде жоғары оқу орнын бітіргендер бакалавр, магистр немесе доктор дәрежесін алады. Соған сәйкес олар қызмет пен жалақы алуы тиіс. Ал іс жүзінде көбіне білім дәрежесі ескерілмей, олар жоғары, бірінші әрі екінші категориялы немесе категориясы жоқ мамандар ретінде қабылданып, соған сәйкес еңбек қызметі белгіленеді. Сондықтан құжатта қаралып отырған негізгі мәселе - жүйеде бірыңғайлықты және бірізділікті қалыптастыру. Екінші міндет - кәсіптер мен кәсіптілік біліктіліктерді реттеу аясында еңбек нарығында сұранысы бар кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дұрыс қалыптастыру», - деді министр.



Заң жобасында Ұлттық біліктілік жүйесінің толық архитектурасы, яғни оның негізін құрайтын 6 базалық компоненті ұсынылды. Біріншісінде ұлттық және салалық біліктілік қамтылған. Онда аяқталмаған орта білімнен бастап PhD дәрежесіне дейінгі азаматтарға қажет болатын 8 кәсіби білім деңгейі айқындалған және осы деңгейге тура келетін біліктіліктің, машықтардың талап-сипаттамасы көрсетілген. Екіншісі – қызметтердің ұлттық классификаторы. Бұл - еліміздің аумағында атқарылатын қызметтердің атауын, азаматтардың онда атқаратын жұмыс түрін, мамандығын жіктейтін құжат. Үшіншісі – қазіргі таңда еңбек нарығында бар және болашақта сұраныс болатын кәсіптердің тізімі. Төртіншісі – кәсіби стандарттар немесе жұмыс берушілердің кәсіби біліктілікті айқындайтын талаптары. Бесіншісі – білім беру бағдарламалары. Алтыншысы – кәсіби біліктілікті растайтын сертификат.



«Кадрларға талап жұмыс берушілер тарапынан болғандықтан, олардың атқаратын міндеттерін де заң жобасында толық қарастырдық. Біріншіден, жұмыс берушілер қазіргі таңда және ұзақ мерзімді болашақта сұранысы бар кәсіптердің тізімін айқындайды. Екіншіден, жұмыс берушілер ұсынған кәсіптер тізбесі өңірлік және салалық кеңестерде одан әрі толықтырылып, жинақталады. Содан салалық кәсіптер тізімі жасалады. Үшіншіден, салалық кәсіптер тізімі өз кезегінде мемлекет реттейтін және ол реттемейтін кәсіптер болып бөлінетін болады», - деді Тамара Дүйсенова.



Мемлекет реттейтін кәсіптер бойынша жұмыскерлерді сертификаттау міндеттеледі. Бұл санатқа негізінен азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтар жатады. Мемлекет жағынан реттелмейтін кәсіптер үшін сертификаттау ерікті болады.



«Әріптестіктің екінші жағы – кәсіптік білім беру жүйесі. Білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, алдымен мамандықтар мен қызметтердің классификаторын жасайды. Одан кейін жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын дайындайды», - деді ведомстиво басшысы.



Жұмыс берушілер мен кәсіптік білім беру жүйесі әріптестігінің нәтижесін тәуелсіз бағалау немесе сертификаттау жүйесін енгізу арқылы анықталатын болады.



«Бұл жұмысты арнайы сертификаттау орталықтары жүзеге асыратын болады. Олар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе басқа уәкілетті институттардың аккредитациясынан өткен тәуелсіз заңды тұлғалар. Сертификаттау орталықтарын аккредитациялаудың өзі «Аккредитациялау туралы» заңға және еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізілетін болады», - деді министр.



Сертификаттау процесі тек азаматтардың біліктілігі кәсіптік стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарында кадр даярлау деңгейін бағалауға бағытталады. Тәуелсіз бағалаудан өткен азаматтарға сертификаттар беріледі.



«Бұл ретте дипломдар мен сертификаттар туралы арнайы түсіндіре кеткім келеді. Тәуелсіз бағалаумен қамтылған түлектердің қолында нақты мамандығы бойынша кәсіптік даярлықтан өткенін растайтын диплом және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйренгенін растайтын сертификат болады. Бір сөзбен айтқанда, сертификаты бар түлектерді жұмыс берушілер жұмыс өтілін талап етпей-ақ жұмысқа алуға мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ ерікті сертификаттаудан әртүрлі үйірмелер, тренингтер немесе өз бетінше оқу арқылы жұмысшы мамандығын игерген адамдар да өте алады. Бұл жағдайда сертификат жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдау кезінде негізгі құжат бола алады», - деді Тамара Дүйсенова.



Сертификаттау ақылы негізде жүзеге асырылады. Сертификаттау орталықтары қызметтерінің ақысын жұмыссыз азаматтар үшін атаулы ваучерлерді пайдалана отырып мемлекет төлейді. Ал, өз қызметкерлерін сертификаттауға жіберген кезде, оның ақысын жұмыс берушілер төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үкімет #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);