Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мемлекет пен қоғам: дамудың басты бағдары

Мемлекет пен қоғам: дамудың басты бағдары

Барлығы 29.08.2025, 13:03 565
Мемлекет пен қоғам: дамудың басты бағдары
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған брифинг болып өтті. Пресс-конференцияның спикері – Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыржан Әбдіхалыков. Ол азаматтарды конституциялық міндетін ұмытпауға шақырып, елдің Негізгі Заңының тұрақтылығы мен өзектілігін атап өтті.

"30 жыл ішінде біз Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақты әрі өміршең құжат екеніне көз жеткіздік. Ол елмен бірге дамып,  ішкі және сыртқы сын-қатерлерге жауап беріп келеді. Конституция – бұл жай ғана ереженің жиынтығы емес. Бұл – билік тармақтарының мәртебесінен бастап, әр азаматтың құқығы мен міндетіне дейінгі үлкен жүйе. Ол біздің демократияға, адамгершілік пен әлеуметтік әділдікке негізделген мемлекет ретіндегі болмысымыз. Реформалардың  нәтижесінде  азаматтарды мемлекетті басқаруға қатыстыратын жаңа тетіктер енгізілді. Ашықтық, жариялылық, биліктің есеп беруі – бұл құр ұран емес, бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған қағидалар. Конституция бізге құқық берумен қатар, міндет те жүктейді. Мемлекеттің игілігін көріп, осы елде өмір сүріп жатсақ, Конституцияда көрсетілген міндеттерімізді де орындауға тиіспіз", – деді Қайыржан Әбдіхалыков.

Спикердің айтуынша, Конституция –  заңнамалық жүйенің іргетасы ғана емес, сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік институттардың өмір сүру қағидаттарын айқындайтын маңызды  құжат. Қазіргі уақытта барлық министрлер мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары халық алдында есеп беруге міндетті. Мұндай өзгеріс конституциялық нормалардың арқасында іске асып отыр.

Брифинг барысында соңғы жылдағы реформаларға, әсіресе 2022 жылғы маусымда өткен референдумнан кейін енгізілген өзгерістерге айырықша назар аударылды. Сонымен қатар, Қайыржан Әбдіхалыков азаматтық қоғамды дамытудың маңызына тоқталып, мемлекеттік  бағдарламалар мен бюджет шығынын бақылауда қоғамға кең мүмкіндік беретін Қоғамдық бақылау туралы заңның қабылданғанына алғыс білдірді. «Бұл – шын мәнінде революциялық қадам. Ол Конституцияның халық үшін жазылғанын, адам мүддесін бірінші орынға қоятын қағидаларға негізделгенін көрсетеді», – деген спикер, Конституция ресми мемлекеттік рәміз болмаса да, қоғамдық сананың ерекше нысаны ретінде қабылданатынын, әрі мемлекет пен қоғамның дамуындағы басты бағдардың бірі болуы тиіс екенін еске салды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика