AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі ме...

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады

Саясат Бүгін 16:31 56
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады
Сурет: akorda.kz

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.

Мемлекет басшысы еліміз Біріккен Корольдікпен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті.

– Қазақстан мен Ұлыбританияны сындарлы саяси диалог және түрлі деңгейдегі белсенді қарым-қатынас байланыстырады. Сонымен қатар ынтымақтастықты одан әрі кеңейте түсуге әлеуетіміз жеткілікті екеніне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Біріккен Корольдік Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 83 пайызға артып, 1,6 миллиард доллардан асты. Елімізде 500-ден астам британиялық компания қызмет етеді.

– Сауда-экономикалық байланыстарды ілгерілету жаңа жобалар мен инвестицияларды ғана талап етпейді, сонымен бірге халықаралық ортада еңбек етуге қабілетті адамдар да қажет. Дәл осы себепті Қазақстан жастарын әлемді танып-білуге, дүниетанымын кеңейтуге, көп тіл үйренуге, ең әуелі халықаралық қарым-қатынас құралы саналатын ағылшын тілін меңгеруге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кездесуде Ұлыбритания Премьер-министрі Эндрю Бёрнэмге жылы лебізін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде лорд Сарвар елімізбен стратегиялық серіктестіктің дәйекті түрде ілгерілеп келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ британиялық бизнес жобаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Еліңіздің қарқынды дамып келе жатқанын үлкен қызығушылықпен қарап отырмыз. Халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты ұстанымдарымыздың ұқсастығын жоғары бағалаймыз. Бізді ашықтық, серіктестік, инновациялар, өзара сенім мен еркін сауда байланыстырады. Стратегиялық серіктестерімізбен қарым-қатынаста ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне сай келетін нақты нәтижеге қол жеткізуге ниеттіміз. Бұл қатарға Қазақстан да енетіні сөзсіз, – деді Анас Сарвар.

Мемлекет басшысы мен Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың, академиялық алмасуды кеңейтудің және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Президент Ұлыбританияда білім беру және жас мамандарды даярлау деңгейі өте жоғары екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысушылар энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективасын қарастырды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #кездесу #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);