конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен жанда...

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсеткені үшін алматылық оқушы Дәулен Бауыржанұлына ризашылығын білдірді

Әлеумет 29.05.2024, 18:26 920
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсеткені үшін алматылық оқушы Дәулен Бауыржанұлына ризашылығын білдірді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсеткені үшін 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлына алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz

Қазақстан Президенті 9 жастағы Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оның әрекетін нағыз отаншылдықтың үлгісі деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хатында баланың бойына асыл қасиет дарытқан ата-анасы мен ұстаздарына ризашылығын білдірді.

Президент Дәулен сияқты ақылды әрі зерек балалар бар елдің болашағы жарқын екенін ерекше атап өтті.

Алматы қ. Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияның 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлы зияткерлік олимпиадаға қатысу үшін Qalan.kz порталына тіркелді. Жеңісі үшін берілген бонустарын жинаған. Әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың суретін көріп, ойланбастан көмектесуге шешім қабылдап, жиналған 25 мың теңгесін арнайы қорға жіберген. 

«Елімізде болып жатқан табиғи апат туралы естіп, көмектескім келді. Мен жиналған барлық ақшаны көмек ретінде жіберуді шештім. Алдымен мұны ата-анама айтып едім, олар менің бұл ойымды бірден қолдады», - деді Дәулен.

Дәуленнің мұғалімі Сағадат Жұбанышбекованың айтуынша, сабақты үздік оқиды, математика, информатика, жаратылыстану ғылымдарын жақсы көреді. Бірнеше рет «Алтын сақа», «Кенгуру», «Ақбота» олимпиадаларының жеңімпазы атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Бүгін 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Бүгін 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Бүгін 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Бүгін 16:01

Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр

Бүгін 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);