AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы шекаралас аудандарда тұрғын үйді...

Мемлекет басшысы шекаралас аудандарда тұрғын үйді арзандатуды тапсырды

Әлеумет 29.03.2023, 10:58 898
Мемлекет басшысы шекаралас аудандарда тұрғын үйді арзандатуды тапсырды
Сурет: Ult.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Үкіметке шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарға тұрғын үйді арзандату туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Саладағы саясатты жүйелейтін және түбегейлі жақсартатын қала құрылысы кодексінің маңызы зор. Үкімет шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін тұрғын үйді арзандату мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.


Сондай-ақ, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және құруға назар аудару қажет. Менің ойымша, бұл маңызды стратегиялық міндет. Бізде 65 шекара маңы бар, өкінішке орай, олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен деңгейде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президенттің айтуынша, кейде бұл жайт экономикалық факторларға тиімсіз әкімшілік-аумақтық бөліністерден туындап жатыр.



«Бұл аудандардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі нақты шараларды көздеу қажет.


Басты мақсат-халықтың кетуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру», - деді Президент



Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің біріншіcі сессиясы өтіп жатыр.  Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шекаралас аудандар #мемлекет басшысы #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Бүгін 19:30

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне мәдени-гуманитарлық салада қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде әңгімеледі

Бүгін 18:49

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 18:40

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 18:13

Алматы әкімі сел қаупі бар учаскелердің картасын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);