AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты...

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Билік 19.05.2022, 06:22 1,011
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

 Сенатор Президентке аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды.


Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.


Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.


Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта өткен «Орталық Азия – Ресей» атты парламентаралық форумға қатысты.


Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #сенатор #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);