AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Ци...

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті

Әлеумет 13.10.2022, 04:15 1,077
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті
akorda.kz

ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қытайдың АӨСШК саммитіне осындай жоғары деңгейде қатысуы біздің орасан зор континентте бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы өзара сенімге негізделген серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.




Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. 


Кездесуде Төраға Си Цзиньпиннің өткен айда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.


Өз кезегінде Ван Цишань Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қытай мен Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, өнеркәсіп кооперациясы мен цифрландыру бағытындағы екіжақты қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.


Ван Цишань екі ел арасындағы қарым-қатынас мәңгілік достық пен өзара сенім рухында дамып келе жатқанын айтты. Қытай делегациясы басшысының айтуынша, Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар сәтті жүзеге асып келеді.


Сонымен қатар олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);