AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта б...

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Білім және ғылым Кеше 19:33 29 yakiya
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Ақорда

Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.
 
Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.
 
2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.
 
2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.
 
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы

2026 жылғы 12 мамыр

Қазақстан Республикасында жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жағдайында және адами капиталдың негізгі элементі ретінде заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастырудың шұғыл қажеттілігін негізге ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2026 жылғы 1 шілдеге дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге бағытталған, дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың дербес деректерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітсін;

2) қалалық және ауылдық мектептер арасында білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын 2026 жылғы 1 маусымға дейін іс жүзінде қолданып, орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, одан әрі кеңінен қолдану жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін;

3) 2026 жылғы 1 тамызға дейін пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернеттің болуын қоса алғанда, мектептердің техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етсін;

4) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру контентін генерациялауды және оқу нәтижелерін бағалауды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануды реттеу мақсатында академиялық адалдыққа кепілдіктер беруді қоса алғанда, орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттарын бекітсін;

5) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін педагогтердің үздіксіз кәсіптік дамуын көздейтін және жасанды интеллект технологияларын педагогтердің кәсіптік қызметіне нұқсан келтірмей және оны алмастырмай білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспарын бекітсін;

6) орта білім беру ұйымдарындағы дербес деректерді қорғауды күшейту және білім беру контентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

2. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері:

1) 2026 жылғы 1 тамызға дейін Кешенді жоспармен үйлестірілген, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітсін;

2) пилоттық жобаны және Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында ұйымдастырушылық және өзге де іс-шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                  Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 мамыр

                           № 1274

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім беру жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Кеше 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Кеше 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Кеше 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Кеше 19:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);