AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты қабылдады

Саясат 31.07.2023, 07:30 1,694
Мемлекет басшысы   Қанат Шарлапаевты қабылдады
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.




Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың І жартыжылдығындағы «Бәйтерек» холдингі қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлерді, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.


Президентке ұсынылған мәлімет бойынша ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңге. Холдинг «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді қолдайды. Қор 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті.




Жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен. Банк баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасына да белсенді қатысып келеді. Бағдарлама аясында І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бірінші  жартыжылдықта аталған бағыт бойынша 9 мыңнан астам өтінім мақұлданды.



Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілгені туралы хабарланды. Биыл 3,5 млн гектар  жерге егін егілді. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.


Кездесу соңында Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Бәйтерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 154 мыңға жуық қызметкер айына 1,1 млн теңгеден жоғары жалақы алады

Бүгін 14:05

Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру туралы: Құқықтық тәртіпті сақтамай, елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес

Бүгін 13:45

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мамандандырылған стоматология бөлімшесі ашылды

Бүгін 13:05

Отбасының цифрлық картасын жүргізу тәртібі бекітілді

Бүгін 11:30

Елімізде қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);