AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардио...

Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директорын қабылдады

Әлеумет 01.06.2024, 14:57 754 dulatbekova
Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директорын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесу барысында Президент ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мемлекетіміздің басты басымдығы саналатынын атап өтті.

 Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін әрі сапасын арттыру, ана мен бала өлімін азайту, балалардың мүгедектігін ерте анықтау және алдын алу жөнінде маңызды міндеттер тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

 Мемлекет басшысы перзентханалардың инфрақұрылымын нығайту және олардың жұмысына озық стандарттар мен әдістемелерді енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды.

Гүлнар Нұрланова Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметі мен жетістіктері және жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Орталық еліміздегі туа біткен жүрек аурулары бар науқастарды бақылаудың толық циклі жүргізілетін жалғыз мекеме екенін жеткізді. Мұнда жыл сайын 200 кардиохирургиялық ота жасалады. Перзентханада дүниеге келетін нәрестелер саны 9000-ға, оның ішінде мерзімінен бұрын туғандар шамамен 3700-ге жетеді.

Сонымен қатар Президентке фетальді хирургияға қатысты революциялық жоба енгізіле бастағаны жөнінде баяндалды. Медициналық көмектің аталған бағытына сәйкес, туа біткен даму кемістіктерін коррекциялау үшін балаға құрсақ ішінде жатқанда операция жасалады. Жоба дені сау баланы дүниеге әкеліп, ана бақытына бөленуге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қолдау мәселелеріне арнайы тоқталып, олардың қоғам үшін сіңіріп жатқан еңбегі маңызды екенін атап өтті. Президент биыл медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғауға және дәрігер қызметінің мәртебесін арттыруға бағытталған заңға қол қойғанын еске салды. Сонымен қатар алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» мемлекеттік наградасы бекітілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлнар Нұрлановаға және барлық дәрігерлердің игілікті жұмысына табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Преидент #Алматы #балалар крдиологиясы #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);