AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз...

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті

Саясат 16.09.2022, 11:26 1,978
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифке ілтипат білдіре отырып,  жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады. 


Мемлекет басшысы екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.


Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені  үшін Қазақстан Президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан Премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты.


Ол Қазақстан мен Пәкістан  арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.


Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Пәкістан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);