AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Тұлға Бүгін 14:03 84 yakiya
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Құрметті Олжас Омарұлы!

Сізді мерейлі 90 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз Қазақстанда және әлемдік деңгейде көрнекті ақын, ойшыл, беделді қоғам қайраткері ретінде зор құрмет пен лайықты мойындауға ие болдыңыз.

Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл қазынасына айналып, мемлекетіміздің шекарасынан тыс жерлерге де кеңінен таралды. Өзгеше шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз.

Өзіңіз негізін қалаған халықаралық «Невада – Семей» қозғалысы Қазақстанда және бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтату, ядролық қарусыздану идеясын және Жердің бейбіт болашағы үшін жаһандық жауапкершілікті насихаттау жолында өз үнін батыл жеткізді.

Дипломатиялық қызметте Сіз ұлттық мүдделерді лайықты қорғап, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз.

Сіздің өмір жолыңыз – Отанға адалдықтың, жоғары азаматтық ұстанымның және жалпыадамзаттық құндылықтарға берік болудың жарқын үлгісі.

Құрметті Олжас Омарұлы!

Сізге зор денсаулық, бақ-береке және қайталанбас талантыңызды қадір тұтатын жұртшылықтың қуанышына ұзақ ғұмыр тілеймін.

Қасым-Жомарт Тоқаев", -деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстанның халық жазушысының шаңырағына барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Сүлейменов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47

Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен технологиялық жарақтандырылуы талқыланды

Бүгін 12:16

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);