Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламент...

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасын қабылдады

Саясат 04.06.2024, 15:47 918
Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aқорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

– Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді, – деді Президент.

Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

– Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұл алға қойған мақсаттарымызды тиімді жүзеге асыру үшін жасалған дұрыс қадам деп есептеймін. Мысырлықтардың Қазақстанға деген құрметі мен ықыласы ерекше. Екі елді біріктіретін ортақ дүниелер көп. Жуық арада қос тарапқа да тиімді шаралар қабылданатынына сенімдімін, – деді Мысыр Сенатының спикері

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы парламенттік дипломатияны дамыту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Мысыр компанияларын көлік-транзит, туризм, цифрландыру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи тұлғаның есімін ел жадында жаңғыртуға зор үлес қосқаны үшін Мысыр үкіметіне ризашылығын білдірді.

Бұдан бөлек, кездесуде екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынасы мен жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге жылы лебізі мен сәлемін жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика