AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы бизнесмендерді Жаңа Қазақстанды б...

Мемлекет басшысы бизнесмендерді Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды

Әлеумет 19.05.2022, 15:57 1,007
Мемлекет басшысы бизнесмендерді Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды
Cурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерін Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Кәсіпкерлер тарапынан мемлекет саясатының болжап білу мүмкін еместігі және үнемі өзгеріп тұратыны туралы орынды сын жиі айтылады. Өткен жолғы кездесуде мен жаңа экономикалық саясат әзірлеуді тапсырғанмын. Бұл жұмыс табысты жүріп жатыр деуге келмейді. Тың ойлардың тапшылығын байқап отырмыз. Мұның дағдарысқа қарсы шараларға да қатысы бар. Блогосферада белсенді болып, сыни ескертулер айтып жүрген кәсіпкерлер мен экономистерді шақырып, Үкімет жанынан жұмыс тобын құруды тапсырдым. Бірақ ондай адамдар да ұзаққа бармады. Маған жеткен мәлімет бойынша, олар да нақты ұсыныстар мен идеяға келген кезде қиналып қалған. Дегенмен Үкімет пен Президент әкімшілігінен макро, салық, бюджет, ақша-кредит сияқты экономиканың барлық түрін қамтитын доктриналық құжат күтемін», - деді Мемлекет басшысы Ақордада өткен кездесуде.



Президент Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырысында ұйым жұмысын күшейту туралы тапсырма бергенін еске салды.



«Бұл жұмысты бизнестің конструктивті қатысуы арқылы жүргізген жөн. Өйткені сонда ғана қажетті әрі тиімді реформа жасай аламыз. Осында отырғандардың бәріне айтамын: «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деген ұран – бос сөз емес. Кәсіпкерлердің, экономикадағы нақты сектор өкілдерінің бұл іске қатысуы өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президенттің айтуынша, салық саясаты мен оны әкімшілендіру ісіне ерекше назар аудару қажет.



«Бұл салада бүгінде белгілі бір теңгерімсіздік байқалады. Мысалы, кейбір ірі компаниялар қолданыста салық режимі бойынша шағын кәсіпорындар деңгейінде салық төлеп, қулығын асырып жүр. Нақты көзделген ынталандыру шараларының орнына тұтас бизнес топтары мен қызмет түрлерін салықтан босату манипуляция құралына айналып отыр. Бюджетті қаржыдан айырып қана қоймай, қоғамның жікке бөлінуіне әкелетін, ұлттық игіліктерді үлестірудегі әділдікті төмендететін қайшылықтарды реттеу жолдарын ойластыру қажет. Мемлекет пен бизнес бұл мәселе бойынша бір тоқтамға келгеннен кейін салық заңнамасын тұрақтандырып, кездейсоқ өзгерістер тәжірибесін тоқтату қажет. Үкіметке бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Құжатта елдегі салық салудың негізгі тәсілдері көрініс табуға тиіс. Салық саясатының негізгі өлшемшарттары тұрақты болуы керек. Цифрландыру есебінен салық төлеу процестерін оңайлатуға, адами факторды алып тастай отырып, әкімшілендіруге ерекше назар аудару керек. Бұл жұмысты бүгінгі және болашақ ахуалға, ұлттық міндеттерге сүйене отырып, мұқият жүргізу керек. Келесі жылдың басында Үкіметтен салмақты ұсыныстар күтемін», - деді Мемлекет басшысы.



Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #кәсіпкерлер #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика