AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабыл...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Саясат 10.11.2022, 11:04 1,555
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ прокуратура органдарының өткен кезеңдегі жұмыстарының қорытындысы туралы мәлімет берілді.


Мемлекет басшысына «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғаны баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалғаны жөнінде айтылды. Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. 


Берік Асыловтың айтуынша, жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері анықталды. Индустрия министрлігі кен өндіруге дайын тұрған 144 кен орнын барлауға келісімшарттар берген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 миллиард теңге төлемегені анықталды.


Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылды.


Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Бас прокурор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте цифрлық жүйе білім саласындағы былықты анықтады

Кеше 20:30

Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім басшыларын тағайындады

Кеше 19:15

Қуыршақ театры жаңа 91-маусымының шымылдығын түреді

Кеше 19:11

Алматының Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды

Кеше 18:35

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);