AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы «Алматы БалаFest» фестивалінің же...

Мемлекет басшысы «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады

Әлеумет 01.06.2022, 07:56 1,707
Мемлекет басшысы «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады
Сурет: A

Шараның қорытынды кезеңіне мың бала қатысты.


Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың «Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік шараның қорытынды кезеңіне мың бала қатысты.



Ботаникалық бақта өткен қорытынды іс-шара «ART SPACE» аймағы, «Кітаптар қазынасы» кітап көрмесі, «ECO LAB» экологиялық аймағы, «Шахмат әлемі» аймағы, «ROBO LAND» аймағы және «Жас өрендер» концерт алаңы сияқты алаңқайларға бөлінген.


Президент әрбір алаңқайдағы жеңімпаздардың өнерін тамашалап, олардың жетістіктеріне ризашылылығын білдірді. Мемлекет басшысы жасөспірімдермен әңгімелесу барысында оларды мерекемен құттықтап, балалар ел болашағы екенін айтты.


Солардың бірі - 11 сынып оқушысы Михаил Шут «Кітаптар қазынасы» көрмесінде «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқып берді.



 Іс-шара соңында бір ай бойы әртүрлі жастағы жасөспірімдер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысқан «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Жалпы, әдебиет, бейнелеу өнері, спорт, декоративті-қолданбалы өнер, экобайқау, вокал мен хореография және IT салалары бойынша өткен фестивальде 300 мыңнан астам бала бақ сынаған.





 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);