конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептің бір форманы міндеттеп, үйірме үшін ақша...

Мектептің бір форманы міндеттеп, үйірме үшін ақша алуға қақысы жоқ

Білім және ғылым Бүгін 16:20 55
Мектептің бір форманы міндеттеп, үйірме үшін ақша алуға қақысы жоқ
Алматы әкімдігі

Үш ауысымды оқу, алты күндік оқу аптасы болмайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы мемлекеттік мектептер ата-ананы мектеп формасын нақты бір дүкеннен сатып алуға міндеттей алмайды, мектептегі спорт секциясы мен үйірме де тегін болуы тиіс. Сонымен қатар қала мектептері бес күндік оқу аптасы бойынша жұмысын жалғастырады, алты күндік оқу аптасына көшу туралы бекітілген жоспар жоқ. Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев осылай деп мәлімдеді.

Қазір ата-аналарға нақты бір жеткізушіні немесе дүкенді ұсынатын болып жүр. Сәкен Аралбаевтың айтуынша, мұндай талап заңсыз. Мектеп ата-ананы киімді бір жерден сатып алып, басқа форманы таңдауға мәжбүрлей алмайды.

Алматыдағы №222 мектепте биыл осындай жағдай тіркелген. Ата-аналардың шағымынан кейін Білім басқармасы тексеру жүргізіп, мектеп директорына қатысты тәртіптік шара қолданыпты. Кейін бұл мәселені қаладағы мектептің басшыларымен тағы талқылаған.

«Мектеп әкімшілігінің ата-аналарды нақты бір дүкенге барып, белгілі бір форманы сатып алуға мәжбүрлеуге қақысы жоқ. Мұндай жағдай болып жатса, бірден бізге хабарлап айтыңыз», – дейді Сәкен Аралбаев.

Алматыда мектеп формасы қою көк түс болуды ұсынған. Алайда білім басқармасы бұл әзірге ұсыныс қана екенін айтады. Мектеп нақты бір үлгіні, өндірушіні немесе сауда орнын таңуды талап ете алмайды.

Баспасөз конференциясында талқыланған тағы бір мәселе – ақылы үйірмелер мен секциялар болды. Өткен оқу жылында ата-аналар мемлекеттік мектептерде қосымша сабақ үшін ақша талап еткенін айтып шағымданған.

Мектептің өзі ұйымдастыратын үйірме мен секциялар тегін болуы тиіс.

«Біз мемлекеттік мектептерді айтып отырмыз. Олардағы білім беру тегін, қосымша білім беру де солай. Мектепте спорт секциясы, шығармашылық үйірме мен басқа да сабақ ақылы болмауы тиіс», – дейді спикер.

Егер мектепте осындай сабаққа ақша талап етіп жатса, ата-аналар алдымен білім беру ұйымының әкімшілігіне, кейін аудандық білім бөліміне немесе тікелей Алматы қаласының Білім басқармасына жүгіне алады.

Тағы бір маңызды мәселе – Алматы мектептері алты күндік оқу аптасына көше ме деген сұрақ. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі әр мектеп мұндай шешімді өз бетінше қабылдай алатынын хабарланған болатын.

Сәкен Аралбаевтың айтуынша, Алматыда қазір мұндай жоспар жоқ. Қаладағы барлық мектеп бес күндік оқу жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Үш ауысымды оқуға қайта оралу да жоспарланбайды. Қала Білім басқармасының басшысы қазіргі таңда Алматыда үш ауысымды мектептер жоқ екенін айтып, алдағы уақытта қала бір ауысымда жұмыс істейтін мектептердің санын біртіндеп арттыруды көздейтінін жеткізді.

Тағы бір сұрақ электронды күнделіктерге қатысты болды. Алматыдағы мемлекеттік мектептер BilimClass платформасына көшті. Электронды білім беру жүйесінен ақпараттың ықтимал таралуы туралы хабарламадан кейін журналистер оқушылардың дербес дерегін қорғауды қалай қамтамасыз етіп жатқанын сұрап білді.

Білім басқармасында оқушылардың дербес дерегінің таралуына қатысты расталған жағдай тіркелмегенін мәлімдеді. Сәкен Аралбаевтың айтуынша, BilimClass мемлекеттік стандарттар мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар деректерді қорғау мәселелері бейінді мемлекеттік органдармен қосымша пысықталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп формасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экспорты қарқын алды: жарты жылда экспорт көлемі $40 млрд-тан асып, Түркияға экспорт екі есеге жуық өсті

Бүгін 16:17

"Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті пән болады

Бүгін 16:15

Алматыда 8 мектеп ашылып, жасанды интеллект енгізіледі

Бүгін 15:10

Шегрен ауруы туралы не білу керек?

Бүгін 14:18

Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);