AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық а...

Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды

Білім және ғылым 31.08.2025, 11:11 550 dulatbekova
Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды
Сурет: Gov.kz

Оқулықтарды білім беру ұйымдарына жөнелту толық көлемде, яғни 100 пайызға орындалды.

Мұндай деректі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы келтірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өтінімдерді қалыптастыру және олардың сатып алуын қаржыландыру бұрынғыдай жергілікті атқарушы органдардың есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа оқу жылына орай мектептер қажетті оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 7, 8, 10 және 11-сыныптарға арналған қайта басылған оқулықтар, сондай-ақ бастауыш буынға арналған жаңа басылымдар білім беру ұйымдарына жеткізілді.

Төменгі сыныптардың оқу мазмұнын жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда 4-сыныпқа арналған «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Цифрлық сауаттылық» және «Жаратылыстану» (қазақ және орыс тілдерінде) пәндерінен жаңа оқулықтар әзірленді. 3-сыныптар үшін ұйғыр және өзбек тілдерінде оқулықтар жарық көрді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша да жұмыс жүргізілді. Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін оқушыларға арналған арнайы басылымдар шығарылды. Атап айтқанда: «Қазақ тілі» (1–3-сыныптар), «Жаратылыстану» (1–4-сыныптар), «Орыс тілі» (2–4-сыныптар), «Дүниетану» (2–3-сыныптар), сондай-ақ «Химия» және «Биология» (7–10-сыныптар, қазақ және орыс тілдерінде).

Сонымен қатар орта және жоғары буынға арналған оқулықтар да қайта басылып шықты. Атап айтқанда, 7-сынып үшін – «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (орыс тілінде оқытатын мектептерге), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», сондай-ақ «Орыс тілі мен әдебиеті» (қазақ тілінде оқытатын мектептерге) оқулықтары жаңартылды. Бұдан бөлек, алгебра, геометрия, ағылшын тілі, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және көркем еңбек пәндері бойынша да жаңа басылымдар әзірленді. Сонымен бірге «Қазақстан географиясы» (7–8-сыныптар), «Қазақстан тарихы» (8-сынып), «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (10–11-сыныптар), «Құқық негіздері» (11-сынып) оқулықтары қайта басылып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектептер #Оқулықтар #жаңа оқу жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);