Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептегі тегін тамақтануға жөнсіз қарау мәселесі...

Мектептегі тегін тамақтануға жөнсіз қарау мәселесі министрлікте қаралмақ

Білім және ғылым 06.10.2023, 09:51 1,610
Мектептегі тегін тамақтануға жөнсіз қарау мәселесі министрлікте қаралмақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бастауыш сынып оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақтың сапасына жөнді қарамай жүрген мектептер мәселесі министрлік деңгейінде қаралады.


Бұл туралы Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



Айта кетейік, 2023-2024 жылғы оқу жылдарында елімізде бастауыш сыныпта оқитын 1,4 млн бала тегін тамақтанады. Алайда оқу жылының басында мектеп асханаларында балаларға арналған тамақтың сапасына қатысты ата-аналар шағым айта бастады.




«Еліміз аумағында ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін қадағалау бойынша тиісті топ тексеріп жатыр. Барлық өңірде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақпен беруге қаражат толық бөлінген. Бірақ қоғамда оның сапасына және толықтай қамтуға қатысты сұрақтар қойыла бастады. Сондықтан мониторинг тобы осы кемшіліктерді анықтап, бұл саладағы мәселені министрліктің аппараттық кеңесінде қарастырамыз», - деді Ғ. Бейсембаев «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.




Оның айтуынша, мониторинг тобының қадағалау жұмыстары 10 қазанда аяқталады.




«Кейбір аймақтарда талаптарды орындамаған жекелеген мектептер анықталып жатыр. Бұл тұрғыда оларға нақты шаралар қолданылады. Жергілікті әкімдіктерге мектеп асханаларының жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру мәселесіне қатысты хат жолдаймыз», - деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тегін тамақтану #жөнді қарамау #олқылықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика