AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп оқушысы Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарына к...

Мектеп оқушысы Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарына комикс жасады

Білім және ғылым 18.11.2022, 10:48 3,091
Мектеп оқушысы Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарына комикс жасады
Сурет: Elorda.info

Осы арқылы оқушы қатарластырының кітапқа деген қызығушылығын арттырмақ.


Ақтөбелік 10 сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысал» жинағына жаңа дем берген. Әзірге бұл комиксте жазушының тек жеті шығармасы бар. Ал болашақта қырық мысалдың барлығын комикске көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Биыл - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы. Сондықтан біз оның мысалдарын интерпретациялау арқылы қазақ әдебиетін өзіміз секілді жасөспірімдердің арасында дамытып, оқуға ынтасын арттырғымыз келді. Сонымен қатар қазір комикстер - өте жақсы дамып келе жатқан кітап түрі. Жасөспірімдер көп оқиды», – дейді 10 сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш.



Комикс арқылы кітап оқуға қызығушылық туғызу керек деген ойды Нұршат жетекшісіне айтқан. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдады.



«Қазіргі жастардың ерекшелігі – көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл заманға келе жатқан өзінің ерекшелігі олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру өзекті деп ойлаймын», - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рабиға Толғанақова.



Ал Айшат Темірбаева мен Асқар Иван жаңа қосымша ойлап тапқан. Смарт гейм қосымшасынан қазақтың ақын-жазушылары туралы ақпарат алуға болады. Әрі қарай сұрақтарға жауап беріп, ойынға да көшу мүмкіндігі бар.



«Негізгі мақсат – қазақ даласында туылған не бір ұлы тұлғаларды тарихи тұлғалар туралы жинақ жасау. Яғни, әдебиетте ойып орын алатын тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ таныстыру мақсатында жасалған болатын», – дейді 11 сынып оқушысы Айзат Темірбаева.



Болашақта қосымшаны барлық ұялы телефонға жүктеуге болады. Дарынды жастар бұл жобаларды әрі қарай жетілдіре түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#А.Байтұрсынұлы #комикс #мысалдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);