AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектеп медицинасының жаңа стандарты енгізіледі

Мектеп медицинасының жаңа стандарты енгізіледі

Әлеумет 28.02.2022, 10:09 2,075
Мектеп медицинасының жаңа стандарты енгізіледі
Сурет: Time.kz.

Профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілетін болады.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният Қазақстандағы ересектер мен балаларға арналған профилактикалық тексерулердің тізбесі кеңейтілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



 «Қазіргі таңда үш негізгі жас тобы 18-29 жас, 30-44 жас, 45-65 жас бойынша ересек халықты профилактикалық тексеру пакеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Ажар Ғиният. 



Сондай-ақ, ол ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалау шараларына тоқталды. 



«Бүгінде қала мен ауыл тұрғындары арасында профилактикалық тексерулердің қолжетімділігінде дисбаланс орын алғаны баршаға мәлім. Осыған байланысты ағымдағы жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру пакеттерін, оның ішінде бірінші кезеңде ауылдық медициналық пункттер базасында енгізу жоспарлануда», - деді министр. 



Ведомство басшысы балалар арасындағы аурулардың алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берді. 



«Министрлік балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде алдын алуға ерекше назар аударатын болады. Өйткені ересек халықтың денсаулығының негіздері мен болашақ ауруларының алғышарттары дәл балалық шақта қаланады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілетін болады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі. 



Аталған пакеттерді түпкілікті қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және профилактикалық тексерулерді қаржыландыру бойынша тиісті есептер жүргізіліп жатқаны айтылды. 



«Бұдан басқа, мектеп медицинасын жетілдіру шеңберінде жаңа стандарт енгізілетін болады. Бұл оқушыларды кәсіптік қарау тәсілдерін жүйелеуге және асқазан-ішек жүйесі, тірек-қимыл аппараты, көру қабілетімен байланысты және т.б. ауруларды ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік береді», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #медицина #Қазақстан #профилактика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 10:03

Жаңа конституция Қазақстанның сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтады

Бүгін 09:45

Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті

Бүгін 09:42

Еліміздің ірі қалаларының 3 күндік ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Кеше 22:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);