конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг ж...

Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу акциясы басталды

Әлеумет 29.04.2022, 11:39 1,220
Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу акциясы басталды
Сурет:24 kz

«Балаға лайық» шарасы.


БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен мектеп дәретханалары мен асханаларына мониторинг жүргізу бойынша «Балаға лайық» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 


«Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өткізілетін аталмыш акция оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақпен, қолжетімді әрі жылы, таза және қауіпсіз дәретханалармен қамтамасыз етуге бағытталған.


Акцияға мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатыса алады.



«Бұған дейін министрлік бірқатар облыстардың әкімдіктеріне мектеп дәретханалары мен мектеп ас мәзірінің жағдайын жақсарту шараларын қабылдау қажеттігі туралы хаттар жолдаған болатын. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз және акцияны өткізу балалардың мектептегі жағдайлары тиісті деңгейде жасалмаған білім беру ұйымдарын анықтауға көмектеседі. Мониторинг біреуді жазалау үшін емес, балаларға қажетті жағдай жасауға мектептерді тарту үшін жүргізіледі. Мектеп әкімшілігіне олқылықтарды жоюға уақыт беріледі. Сонымен қатар, мектеп асханалары мен дәретханаларындағы санитарлық талаптардың бұзылғаны туралы хабарлағандардың аты-жөнін жасыруға кепілдік беріледі», – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.



Науқанның шарттары бойынша, бірінші кезең «Check your school»  («Мектебіңді тексер») деп аталады. Қатысуға ниет білдіргендер фотолар мен бейнежазбаларды WhatsApp пен Telegram-ға 87006990446 нөміріне, сондай-ақ, Telegram ботына https://t.me/Balagakz_bot сілтемесі арқылы жібере алады. Қалағандар #BalagaLayik #balagalaiyq хэштегі арқылы Instagram және Tiktok әлеуметтік желілері арқылы дәретханалар мен асханалардың фотолары мен видеоларын жібере алады.


Жіберілген материалдарды арнайы жұмыс тобы қарап, аудандық білім беру басқармаларына олқылықтарды түзету үшін жібереді. Жұмыс нәтижесі әлеуметтік желіде жарияланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #асхана #Қазақстан #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Кеше 09:33

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

26.06.2026

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

26.06.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);