ffin.kz

Меже - бір миллион тонна

Меже - бір миллион тонна Сурет: Ашық дереккөз

ҚТЖ ай сайын 1 млн тоннадан астам астық тасымалдайды


Қазақстандық теміржолшылар 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін 4,3 млн тоннадан астам астық тасымалдады. Ай сайын бір миллион тоннадан астас жаңадан жиналған астық тиелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше,  2022 жылдың қазан айында астық тиеу көлемі 1 млн тоннаны құраса, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 26%-ке артық, қарашада – 1,1 млн тонна (+ 39%), желтоқсанда-1,2 млн тонна (+33%). 2023 жылғы қаңтарда тағы 1 млн тонна тиеу қамтамасыз етілсе, бұл өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 22% артық.


Қазақстандық астық дәстүрлі түрде елдің солтүстік өңірлерінен Орталық Азия елдеріне, Қытайға жеткізіледі. Түрікменстанға астық экспорты 56%, Ауғанстанға – 30%, Өзбекстанға – 8%, ал Тәжікстанға 10% өсті. ҚХР-ға отандық өнім экспорты екі есе өсті.


Сонымен қатар соңғы бес жылда Ресейден темір жол көлігімен елге астық әкелу ұлғайды: 2022 жылы 100 мың тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, бұл Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында Ресей астығының "сұр" импортының бар екендігін көрсетеді.


Темір жол көлігінде ұн тиеу 2022 жылғы қазан – 2023 жылғы қаңтар аралығында 1,2 млн тоннаны құрады. Қазан айында 2021 жылғы деңгейге қарағанда 313 мың тонна (+32%), қарашада - 343 мың тонна (+28%), желтоқсанда - 313 мың тонна (+19%) тасымалданды. 2023 жылдың қаңтарында ұн тиеу 19% өсіп, 245 мың тоннаны құрады. Өзбекстанға ұн экспорты 39%, Ауғанстанға – 56%, Түрікменстанға – 6% артты.


Қазіргі уақытта негізгі сұранысқа ие экспорттық бағыт Сарыағаш МАТП арқылы Орталық Азия елдері болып табылады. Бүгінде станция өзінің техникалық мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуде. Өткізу қабілетін арттыру үшін және Сарыағаш арқылы тасымалдауға сұраныстың артуын ескере отырып, 2023 жылы Дарбаза – Мақтаарал тармағының құрылысын бастау жоспарлануда.


Сонымен қатар Оазис шекаралық өткелдері арқылы Өзбекстанға және одан әрі, Болашақ арқылы Түрікменстанға, одан әрі Ақтау порты мен терминалдары және одан әрі Иранға өтетін бағыттар жүктелмеген және перспективалы болып қала береді.


2023 жылғы ақпанға жүк жөнелтушілердің астық жүктерін тасымалдауға арналған негізгі жоспары келісілді.


ҚТЖ орталық аппаратында және елдің негізгі астық-тиеу және астық өңдеу өңірлерінде тәулік бойғы режимде жедел штабтар жұмыс істейді. Күн сайын жүк жөнелтушілердің, өңірлік «Атамекен» ҰКП, Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармалары мен инспекцияларының, «Астық Транс» АҚ өкілдерінің және басқалардың қатысуымен селекторлық кеңестер өткізіледі. Вагондарды беру және жинау мәселелері бойынша ақпаратты жедел қабылдау үшін чатқа экспорттаушы компаниялардың 400-ден астам өкілі енгізілді.


Көкшетау және Қостанай станцияларында вагондарды бөлудің ашықтығы үшін Қоғамдық кеңестер құрылып, бөлу кезінде өтінімдерді беру кезектілігі ескеріледі. Жүк жөнелтушілерге ыңғайлы болу үшін тауар кассалары тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Вагондарды беру мен жинауды жеделдету үшін тармақ иелерінің маневрлік локомотивтерінің станция жолдарына шығу рәсімі жеңілдетілді. Қосымша магистральдық локомотивтер астық өңірлеріне көшірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04