Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Мегаполисте қуыршақтар көрмесі өтті

Мегаполисте қуыршақтар көрмесі өтті

Көрме 14.11.2024, 13:27 967
Мегаполисте қуыршақтар көрмесі өтті
aqshamnews.kz

Мегаполистегі Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның «Asia Doll» қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп, авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашты. Онда әртүрлі техникада орындалған 100-ге жуық авторлық жұмыс ұсынылды. 

Көрменің ашылу салтанатында Алматының белгілі суретшілері, галеристері бой көрсетті. Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шебер қатысты. Олар өнерді сүйетін көрермендерінің назарына полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын ұсынды. Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін паш етіп, Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстарымен таныстырды. 

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылды. Онда Жібек жолы бойындағы елдердің таңғажайып кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлары мен адамдарының бейнелерін көрсететін авторлық шығармалары ерекше ықыласқа бөленді.

Көрмені ұйымдастырушы, Қазақстан «Asia Doll» қуыршақ шеберлері шығармашылық одағының жетекшісі Татьяна Семёнова «Жібек жолы» жобасы ұлттық тақырыптағы туындыларды қамтитынын атап өтті. 

«Шеберлер адамдардың жібек маталар, бағалы тастар болған сонау кезеңде қалай киінгенін, ол тұста да талғамның жоғары болғанын көрсетуге тырысты. Әр қуыршақ бейнесі тарихпен байланысты, әрқайсысы терең зерттелген», – деді ол.   

Иә, көрме төрінен орын алған қуыршақтар сартылдаған станоктан жасалып шыққан бір-біріне ұқсас туындылар емес, олар шеберлердің көз майын тауыса отырып, бірнеше ай бойы жасаған бейнелері. Бір данамен ғана шыққан әр қуыршақтың жасалу техникасы да, тақырыбы да бөлек. Мәселен, бір қуыршақ шаттанып тұрса, екіншісінің көзінде мұң бар. Үшіншісі бұзықтау, ал төртіншісі еркелеу. Шеберлердің жұмысында көркемдік пен техника ерекше үйлесім тапқан. Яғни, әр қуыршақта адамның һәм шебердің жаны бар. Ал бізге ақ жаулықты әжесінің жып-жылы арқасында маужырап ұйқы қысып келе жатқан немере әдемі әсер қалдырды.

Көрменің мақсаты – алматылықтарға және қала қонақтарына еліміздегі дарынды шеберлерді таныстыру. Қуыршақ шеберлерінің көз майын тауысып өмірге әкелген туындылары көруге тұрарлық.

 

Рашида ХАРИПОВА, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры: 


– Бұрынғылар бүгінгідей түрлі қызылды-жасылды әшекей бұйымдар болмаған заманда қуыршақты қолдан тігіп, ішін шөппен, матамен толтырып, көзін жіптен тігіп, ағаштан да жонып жасап, баласын қуантуға, ойнатуға, ой-өрісін дамытуға ұмтылған. Бірде бір психологпен тілдесіп қалғаным бар. Құрбысының бес жасар қызы мүлдем сөйлемейді екен. Содан танысына баласының ең сүйікті қуыршағымен ара-қатынасына мән беруге кеңес айтады. Бүлдіршін күні-түні сол қуыршағымен бірге болып, бірге ұйықтап, бірге оянып, бірге тамақтанып, былдырлап сөйлесуді әдетке айналдырғанының нәтижесінде тілі шығады. Демек, қуыршақ та бізге дос, серік бола алады деген сөз. Қуыршақ ойыншық қана емес, бұл – өнер. Ол мәдениет пен дәстүрлерді жандандыру, сондай-ақ бізге өткен дәуірдің ерекше бейнелерін жеткізу тәсілі десек, қателеспейміз. Мәселен, мына «Томирис» қуыршағынан сол заманның энергетикасын сезінуге болады. Жас ұрпақ тарихи бейнедегі қуыршақ пен оның оқулықтағы тұлғасын салыстыру арқылы тарихымызға деген қызығушылығы оянуы мүмкін. Сондықтан бұл көрмедегі Ұлы Жібек жолы бойында өмір сүрген әртүрлі халықтың кейіпкерлерімен танысуға мүмкіндік беретін «Жібек жолының алтын ғасыры» жобасының бірегейлігін ерекше атап өткім келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қуыршақ #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

-33 градус: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:37

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі