Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды

Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды

Әлеумет 18.01.2023, 08:38 883
Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Медеу шатқалында көрнекті қазақстандық альпинист Анатолий Букреев мүсінінің салтанатты ашылуы өтті.


Салтанатты рәсімге Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мүсінші Нұрлан Далбай, альпинизмнен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, тәлімгер және Букреевтің досы Ерванд Ильинский, журналист және аты аңызға айналған альпинистің күнделіктеріне негізделген Букреев туралы «Над облаками» кітабының авторы Галина Муленкова және тағы басқалар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Мүсіннің авторы – Нұрлан Далбай. Ол Анатолий Букреевті құзға шығар алдында сәл демалып тұрған кейпінде бейнелеген. Альпинистің қолы мұз шапқышқа тиіп тұр. Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының бастамасымен және қолдауымен орнатылды.


Бұл - Нұрлан Смағұлов қорының қала тұрғындарына берген үшінші мүсіні. Меценаттың жоспары бойынша, қаламызда көрнекті алматылықтар мүсіндерінің сериясы пайда болуы тиіс.


Алғашқысы - Шәкен Аймановтың мүсіні. Ол 2019 жылы «Алматы» қонақ үйінің жанына орнатылған болатын. Бұл – сол кездегі шығармашылық зиялы қауым жиналып, «Тақиялы періште» киносы түсірілген жер.


Екіншісі - Герольд Бельгердің мүсіні 2021 жылы ашылды. Ол Герольд Карлович соңғы жылдары тұрған үйдің жанында орналасқан. Қола орындық мэтр демалып отыруды ұнататын орындықты алмастырды. Қазіргі уақытта «сүйікті дәрігеріміз» Юрий Померанцевтің мүсіні дайындалуда. Мүсін биыл Ю.М. Лермонтов атындағы театрдың жанына орнатылады.


2023 жылдың 16 қаңтарында Букреев 65 жасқа толар еді. Анатолий Николаевич – биік таудағы альпинист, еңбек сіңірген спорт шебері,«Қар барысы» атағының иегері, сегіз мыңдық планетаның 14 тауының 11-ін және төрт рет Эвересті бағындырған.  Оның Эверестке көтерілуінің бірі Балтазар Кормакурдың «Эверест» голливудтық фильмінің негізі болды. Анатолий Букреев – «Ерлігі үшін» орденінің иегері (1989), өз өміріне қауіп төне тұрса да, тауда адамдарды құтқарған альпинистерге берілетін американдық альпинизм клубының ең жоғары наградасы — Дэвид Соулс медалінің иегері (1997), қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» қазақстандық медалімен марапатталды (1998).





 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу #Мүсін #салтанатты ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика