AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақ...

Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі

Керек кеңес 27.07.2023, 07:10 1,477
Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі
almaty-akshamy.kz

«Алматы Су» Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі. Кесте ағымдағы жылғы 27 шілдедегі сағат 14.00-ден 28 шілдедегі сағат 19.00-ге дейінгі кезеңде қолданыста болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудың шектеулі жағдайы тек табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, мұздықтардың қатты еруіне байланысты, қалыпты жылу, сел ағындары және өзен жағалауларының шайылып, лайлануының салдарынан таулы өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталуда. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындау үшін қажетті су көлемін алу уақытша жүзеге аспауы мүмкін. Өйткені,суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлану деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі тиіс. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында.


Резервуарларда суды толтыру үшін әзірленген уақытша кесте қажет.


 


2023 жылғы 27.07. арналған кесте


27 шілдеде сағат 14: 00 –ден 28 шілдеде сағат 19.00-ге дейін Омаров көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде Керей-Жәнібек хандары көшесінің екі жағында орналасқан 25 КТК (көппәтерлі тұрғын үйлер): «Достық резиденттері» ТК Митин 4, Чайкин көшесі 3, 3а, Достық даңғылы 296, 294/2, 290, 278, 276, Тайманов көшесі 222, 224, Достық даңғылы 248, 272, 274, 270, 268, 266, 123, 123/3, 123/2, 123/1, 121, 121/3, 121/1, 121/5.


27 шілдеде сағат 17: 00-ден 24.00-ге дейін «Есентай», «Ақ Бота», «Тау Шатыр», «ЛаВерде», «Блэкберри хиллс», Тайманов к-сі бойынша КТК (көппәтерлі тұрғын үй кешендері) су беріле бастайды.


 


2023 жылғы 28.07. арналған кесте


28 шілдеде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйге су беріле бастайды.


Омаров көшесінің оңтүстігіндегі  елді мекендерге су беру 28 шілде күні сағат 19:00-ге жоспарланған.


Сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жиналатын болады.


Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға және жағдайларға байланысты түзетілетін болады. Барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады.


Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз.


Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін ұлғайту мақсатында су тұтынудың үлкен көлемі бар объектілер (автожуу, монша) судан уақытша ажыратылды. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.


Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезеңде суды автоцистерналармен тасымалдау жүзеге асырылады. 27 шілдеден бастап су жеткізу бойынша арнайы көліктердің жалпы саны 18 бірлікке дейін ұлғайтылды.


Сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды. Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.


«Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болдаы: 274-66-66, +7 777 852 91 01.


Сондай-ақ, ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселелері бойынша өтінімдер Медеу ауданы әкімі аппаратының  мына нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.


 



Анықтама:


Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау шектелген аймақта 50 көппәтерлі үй, 4 047 жеке тұрғын үй бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #аудан #кесте
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика