Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі

Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Көпжылдық мәселені шешу: Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

 

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесіп, экономикалық көрсеткіштерді айтып, тұрғындардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы ең үлкен ауданда бизнес орта дамып келе жатқанын атап өтті, бүгінде мұнда 45 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді. Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша олар бюджетке 250 млрд теңгеден астам құйған немесе жалпы қалалық салық түсімнің 23%-ы соларға тиесілі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері құрылыс жұмыстары 13,3% ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестиция 12,5% өсіп, 133 млрд теңгеге жетті.

Аудан тұрғындарын сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз ету басым мәселенің бірі болып қала береді. Бұл бағытта маңызды нәтижеге қол жетті – шаһар басшысының тапсырмасымен биыл «Балқаш» таза су резервуары пайдалануға берілді. 7,3 мың текше метр суға 7 резервуар салынды, тәулігіне 15,7 мың м3 су өткізу қабілеті бар 3 жаңа ұңғыма қайта жаңартылып, 3 жаңа ұңғыма салынды. Бұл «Каменск үстірті» шағын ауданындағы су тапшылығы мәселесін шешті.

Биыл шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасымен қуаты тәулігіне 32 мың текше метр сумен жабдықтаудың резервтік схемасы пайдалануға берілді. Судың негізгі көздері жер асты суларының Талғар кен орындары, ол жерден су каскадты тәсілмен беріледі. Жобаны жүзеге асырудың арқасында ауданның 50 мың тұрғыны сумен тұрақты қамтамасыз етілді.

Ерболат Досаев таулы және тау бөктеріндегі аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қозғады. Атап айтқанда, қала басшысы биыл ақпанда «Таусамалы» шағын ауданында болған лай көшкінінің салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. 2024 жылы наурыз айынан бастап 1 500 шаршы метр еңістік аумағы қоқыстан және қираған құрылымнан тазартылды, көлемі 800 текше метр темірбетон құрылымы бөлшектелді, габион конструкциялары орнатылды. Керегелі-торлы жүйені орнату жалғасуда. Осы жылдың қазан айына дейін дренаждық құбырлар, арық жүйесі және құдықтар орнатылады. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге бөлінді.

Қала әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы ауданның 74 қауіпті учаскесін тексерді, 10 учаскеде жағдай тұрақты, қосымша жұмыстар жүргізуді талап етпейді. Көшкін қаупі жоғары 11 учаскенің 5-ін нығайту және қалған 6 учаскені сатып алу жөнінде шешім қабылданады. 53 учаске бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған.

  • Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуды тілге тиек еткен қала басшысы жыл соңына дейін 64 мың ш.м. жол төсемі ағымдағы жөндеуден өтетінін, қазір 43,3 мың ш. м. жөнделгенін, сондай-ақ 26 көшеде 23 км жолды орташа жөндеу жүргізіліп жатқанын, оның ішінде 6,6 км жол жөнделгенін айтты.
  • Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 2025 жылдың соңына дейін үш жаңа мектеп ашу жоспарланған. Олар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 2 мың орындық және «Думан» шағын ауданында және Талғар тас жолындағы 1 800 орындық екі мектеп.

Жайлы демалыс үшін алматылықтардың сүйікті орнына айналған – Терренкур қайта жаңғыртылып жатыр, сондай-ақ «Бутаковка» өзенінің арнасы нығайтылып, жанында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады. Екі нысандағы жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:34

20:15

19:44

19:19

18:40

18:14

17:50

17:34

17:20

17:05

16:43

16:37

16:20

16:02

15:32

15:25

15:18

15:15

15:09

15:07

14:51

14:50

14:47

14:30

14:18