Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданы жұртшылығы неге алаңдайды?

Медеу ауданы жұртшылығы неге алаңдайды?

Әлеумет 09.02.2024, 08:16 1,156
Медеу ауданы жұртшылығы неге алаңдайды?
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде 2023 жылдың қыркүйегінде аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысының берген тапсырмаларының орындалғаны туралы айтылды.


Сол кезде тұрғындар сумен үздіксіз қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыру, автобустарды жаңарту және т.б. мәселелерді көтерген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нәтижесінде, Каменское плато, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарында 7,3 мың м3 су сиятын 7 резервуар салынды. Сондай-ақ, өнімділігі тәулігіне 15,7 мың м3 су болатын 6 скважина реконструкцияланды. Бүгінде нысандарды наурыз айында толық іске қосуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. 


Аудан жұртшылығының өтініші бойынша 18 бағыттағы жылжымалы құрамды жаңарту аяқталды, 4 жаңа маршрут іске қосылды (№43, 75, 232, 233) 5 жаңа аялдама кешені салынды (Қайдаров, Қайыпов, Ибрагимов, Базарбаев көшелері, №47 мектеп). 


Сонымен қатар, ауданның 28 көшесінде ұзындығы 21,8 км орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, ағымдағы жөндеу аясында 2023 жылы 56 мың м2 жол төсемі қалпына келтіріліп, ұзындығы 24,5 км 29 көшеде тротуар жасалды.


Аудан тұрғындары "Журналистер" скверінің ұзақ жөнделгені туралы шағымданған болатын. Нәтижесінде жұмыстар өткен жылдың соңында аяқталды. Реконструкциялау аясында жабындылар төселді, жаңа орындықтар, урналар қойылды, 3,8 мың бұта мен 10 туя отырғызылды. Сонымен қатар, Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталды, онда тротуар кеңейтіліп, 80 суретшінің жұмысымен безендірілген граффити қабырғасы жасалды.


Бұдан басқа, "Алатау" шағын ауданында 600 адамға дейін қабылдай алатын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Бүгінде спорт нысаны техникалық режимде жұмыс істейді. 


Жыл қорытындысы бойынша ауданда 80 аула аумағы ағымдағы жөндеуден өтті, үйлердің 23 қасбеті жаңартылды, 13 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделді, 4 автосуару жүйесі қайта жаңартылды және 2 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,6 млрд.теңге болатын 44 жоба іске асырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкіммен кездесу #Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36

Ауызашар: сауап, бәсеке, бизнес...

Бүгін 16:15

DIGITAL FATIGUE: ЖИ мен МИ

Бүгін 16:00

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды

Бүгін 15:55

Алматының спорт қауымдастығымен өткен кездесуде жаңа Конституция қолдау тапты

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі