AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданы автосуару жүйесі дамытуды қолға алды

Медеу ауданы автосуару жүйесі дамытуды қолға алды

Әлеумет 20.04.2026, 11:17 202 yakiya
Медеу ауданы автосуару жүйесі дамытуды қолға алды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Медеу ауданында көгалдандыру мен жасыл желекті дамыту жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Ауданның жалпы жасыл қоры 1,1 мың гектар болады. Жыл сайын аудан ағаш, бұта мен гүлдерді үзбей егіп отырады. Биыл да 60 мыңнан астам бұта, 48 мыңнан астам гүл мен 1 мыңнан астам ағаш егуді жоспарлап қойыпты.

Суару мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өткен жылы жаз мезгілінде, оның ішінде Шығыс айналма автожолының бойында құрғақшылық болып, бұл жасыл желектің күтіміне едәуір әсер етті. Осыған байланысты суару жүйесін жаңғырту жобасы әзірленген болатын.

Қазіргі уақытта Шығыс айналма автожолы бойында автоматты суару жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіле бастады. Жоба аясында 16 гектар аумақ қамтылып, 98 шақырым желі жаңартылып, 2 резервуар орнатылады. Жұмысты осы жылдың тамызына қарай аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 31 жоба жүзеге асырыла бастады, оның 13-і автосуару жүйесін орнатуға бағытталған.

Медеу ауданы әкімінің айтуынша, бұған дейін автосуару бойынша мұндай көлемдегі жұмыс қолға алынбапты. Бұл климаттың өзгеруімен, жаз мезгіліндегі температураның жоғарылауымен байланысты.

«Жүргізіліп жатқан жұмыс жасыл желектерді сақтап, ауданды өмір сүруге қолайлы етуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Еркебұлан Оразалин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды

Бүгін 15:06

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Бүгін 15:03

Мемлекет басшысы: «Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті»

Бүгін 14:58

Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді»

Бүгін 14:54

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);