AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер...

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Саясат 06.03.2026, 17:34 620
Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Сурет: Мәжіліс

Мәжілісте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Палата спикері Ерлан Қошанов әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтап, атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ерлан Қошанов Мәжілістегі әйел депутаттар азаматтардың сұранысы мен талап-тілегі ескерілген көптеген заңның қабылдануына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Жиын барысында Ерлан Қошанов былтыр Мемлекет басшысы 8 наурыз қарсаңында жаңа дәстүрдің негізін қалап, әйелдер қауымының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттағанын айтты. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр.

– Бүгін Президентіміз елге еңбегі сіңген әйелдер қауымының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Вице-спикер Дания Еспаева үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Депутаттар Снежанна Имашева мен Екатерина Смышляева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанса, Ирина Смирнова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мәртебелі атағының иегері атанып отыр. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мәжілістегі арулардың бәріне берген жоғары бағасы, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, Палата спикері Президенттің атынан Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковаға «Құрмет» орденін, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері Райхан Адиловаға, Рауза Жайшиева мен Айгерім Нұржановаға «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #8 наурыз #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Бүгін 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Бүгін 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Бүгін 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Бүгін 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);