AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Маусымдағы ауа температурасы рекорд көрсеткішке же...

Маусымдағы ауа температурасы рекорд көрсеткішке жетті

Барлығы 24.07.2025, 11:04 493 Сұлу
Маусымдағы ауа температурасы рекорд көрсеткішке жетті
сурет: ашық дереккөз

Биыл маусымда ауа температурасы 43 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Қазгидромет ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының орташа мәні климаттық нормадан 1–3,5 градусқа жоғары болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдегі температуралық фонның жоғары болуына Батыс Азиядан жылы ауа массаларының келуі себеп болған. Маусымның екінші онкүндігі ерекше ыстық болып, температуралық рекорд тіркелді.

Мәселен, 6 маусымда Таразда ауа температурасы +37,4 градусқа жетіп, 2023 жылғы бұрынғы рекордтан (+36,0 градус) асып түсті. Балқашта 12 маусымда +34 градус тіркелді, бұл 1982 жылғы +32,5 градус рекордынан жоғары.

16–19 маусым аралығында мына қалаларда рекордтар жаңарды:

  • 16 маусым, Жезқазған – +38,4 градус (1988 жылғы рекорд – +38,3 градус)
  • 17 маусым, Шымкент – +38,7 градус (2023 жылғы – +37,5 градус)
  • 18 маусым:
  • - Жезқазған – +42,4 градус (1988 жылғы – +41,1 градус)
    - Шымкент – +40,6 градус (2023 жылғы – +39,1 градус)
    - Түркістан – +42,8 градус (1988 жылғы – +42,6 градус)
    - Алматы – +35,7 градус (2005 жылғы – +35,0 градус)
    - 19 маусым, Семей – +38,1 градус (2023 жылғы – +37,2 градус)

Кейін 24 маусымда Шымкентте +39,4 градус тіркеліп, 1984 жылғы +39,2 градус рекордынан асты. 29 маусымда Алматыда температура +36,6 градусқа жетіп, 2022 жылғы +35,5 градус рекордын жаңартты.

Астанада маусымдағы орташа температура +21,4 градус болды (норма +19,6 градус). Ең жоғары температура 18 маусымда – +36,3 градус, ал ең төмені 9 маусымда – +9,4 градус тіркелді.

Жалпы жылы ауа райына қарамастан, кей өңірлерде температура айырмашылықтары байқалды. Қазақстанның батыс бөлігінде, әсіресе Маңғыстау облысында, температуралық режим негізінен нормаға сай немесе одан 1–1,7 градус төмен болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маусым #ауа райы #болжам рекорд #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);