AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Мәулен Әшімбаев: Театр – адамды мәдениеттің биігін...

Мәулен Әшімбаев: Театр – адамды мәдениеттің биігіне жетелейтін өнер ордасы

Тәуелсіздік-30 29.10.2021, 03:30 1,049
Мәулен Әшімбаев: Театр – адамды мәдениеттің биігіне жетелейтін өнер ордасы
inform.kz



Сондықтан ол жерге көрермен болып барудың өзі - үлкен жауапкершілік.


Бүгін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Қыз Жібек» операсын тамашалап отырып, осы бір дүниеге кезекті рет көз жеткіздім. Қойылым бүгін ресми түрде ашылған «TEATR ALL-2021» халықаралық театр фестивалі аясында сахналанды. Фестивальдің «Қыз Жібек» операсымен ашылуы тегін емес. Өйткені, былтыр ғана осы жырдың желісімен түсірілген әйгілі фильмге 50 жыл толды. Оның үстіне, қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан композитор Евгений Брусиловскийдің аталған шығармасы - ұлттық операмыздағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Сол себепті, бұл жолы да, әдеттегідей, асқақ өнердің озық үлгісіне куә болдық. Осы ретте «Астана Опера» әртістерінің кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін ерекше атап өткен жөн, - деді Мәулен Әшімбаев өз жазбасында.




Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған өнер фестивалі бір аптаға жалғасады. 



Оған еліміздің жетекші театрлары қатысып жатыр. Елордамыздағы драма, мюзикл, опера, балет, жастар театрлары сияқты іргелі өнер ұжымдары да көрермендерге өз қойылымдарын тарту етеді. Сондай-ақ, фестиваль аясында түрлі көрмелер мен шеберлік сабақтары өткізілмек. Яғни, астаналықтарға апта бойы өнердің саф түрімен сусындап, рухани ләззат алуға мол мүмкіндік бар, - дейді Сенат спикері.



Ол пандемияның өнер саласына да тигізген зардабы аз болмағанын айтты. 



Сондықтан осындай игілікті істердің арқасында сол олқылықтардың орны толып, елімізде театрға барушылардың қатары көбейеді деп сенеміз. Бұл ұлттық сананың өсуіне де ықпал ететін маңызды қадам екені сөзсіз. Соған байланысты фестиваль өткізіп, қала тұрғындары мен қонақтарына, жалпы өнерсүйер қауымға керемет мүмкіндік сыйлаған барша ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Қазақ театр өнері жасай берсін! - деді Мәулен Сағатханұлы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #TEATR ALL-2021 #Әшімбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика