AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев Франция сенаторларымен кездесті

Мәулен Әшімбаев Франция сенаторларымен кездесті

Саясат 03.06.2022, 16:30 1,748 Almaty-akshamy
Мәулен Әшімбаев Франция сенаторларымен кездесті
Cурет: Сенат

Эрве Море өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрағасы Эрве Море бастаған Француз Республикасы Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәулен Әшімбаев әңгіме барысында еліміздің саяси жүйесін трансформациялауға бағытталған конституциялық реформа туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сенат Төрағасы ел Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асқан барлық өзгерістердің түпкі мақсаты – қазақстандықтардың өмірін жақсарту, саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау және әрбір азаматтың әлеуетін іске асыру екенін атап өтті.


Тараптар екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдетудің келешегін егжей-тегжейлі талқылады.



«Екі елдің Парламенттерінде жұмыс істейтін достық топтары парламентаралық диалогтың берік негізін құрайды. Біз «Франция - Орталық Азия» парламентаралық достық тобының қызметін толық қолдаймыз және оның жұмысы біздің парламентаралық байланыстарымызды ұлғайтуға елеулі үлес қосады деп санаймыз», - деді Мәулен Әшімбаев.



Кездесу барысында депутаттардың экономика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастығын тереңдетуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы экология және трансшекаралық өзендер, соның ішінде Арал теңізі проблемаларын шешу жөніндегі түрлі елдер парламентшілерінің бірлескен күш-жігері қажеттігіне назар аударды. Ол бұған дейін Француз сенаторларының делегациясы – «Франция-Орталық Азия» достық тобының мүшелері Арал мәселесінің ауқымын зерттеу үшін Көкарал бөгетіне барғанын еске салды. 



«Бұл бағыттағы өзара іс-қимылды қайта бастау маңызды деп санаймыз. Біздің елдеріміздің сенаторлары Арал экожүйесін қалпына келтіруге және өңірді орнықты дамытуға байланысты мәселелерді қарастыра алар еді», - деді Мәулен Әшімбаев.



Эрве Море өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады. Ол сондай-ақ екі ел парламенттерінің ынтымақтастығын күшейтудің маңызына тоқталып, мұндай тәсіл экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да байланыстарды нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті. Француз парламентшісі сонымен қатар Арал тағдыры мен өңірдің тұрақты дамуының басқа да мәселелерін шешу бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі туралы идеяны қолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенатор #Әшімбаев #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);