AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Маск Tesla компаниясының 5,7 млрд долларлық акциял...

Маск Tesla компаниясының 5,7 млрд долларлық акцияларын қайырымдылыққа берді

Әлем 15.02.2022, 09:51 1,529
Маск Tesla компаниясының 5,7 млрд долларлық акцияларын қайырымдылыққа берді
Сурет: Ixbt.com

Масктың қайырымдылыққа нақты қанша ақша жұмсағаны белгісіз.


2021 жылы Tesla бас директоры Илон Маск шамамен 5,7 млрд долларлық компания акцияларын қайырымдылыққа жіберген. Мұнда мәлімет АҚШ реттеушілеріне жіберілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru cілтеме жасап.


Құжаттарда  5 000 044 акцияларын нақты кім алғаны көрсетілмеген.


Қайырымдылық шаралары Tesla акцияларын сату барысында іске асқан. Жалпы алғанда, Маск 2021 жылдың соңғы екі айында 16 млрд доллардан астам компания қағазын сатқан. Ол сондай-ақ өткен жылы шамамен 22,9 млн опционды акцияға айналдырған.


Tesla басшысы желтоқсанда, яғни  қайырымдылық жасағаннан кейін бірнеше апта өткен соң, 2021 жылға 11 млрд доллардан астам салық төлеуі керек деп санаған.


Chronicle of Philanthropy басылымының  мәліметтері бойынша, Маск 2021 жылы қайырымдылыққа ақша жұмсау жағынан екінші ірі меценат болды. Билл мен Мелинда Гейтс жалпы сомасы 15 млрд долларлық қайырымдылық жасап, алдыңғы қатарда тұр.


Масктың қайырымдылыққа нақты қанша ақша жұмсағаны белгісіз, бірақ Tesla басшысы бұл туралы кейде әлеуметтік желілерде хабарлап тұрады.  2021 жылдың наурызында ол твиттерде Техастағы мектептерге 20 млн доллар және қала орталығын қалпына келтіру үшін 10 млн доллар бөлетінін жазған болатын. 2018 жылы ол Tesla компаниясының 100 млн доллардан астам акциясын қайырымдылық ретінде сатқанын хабарлаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маск #қайырымдылық #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);