AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындал...

Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Билік 09.09.2025, 11:33 1,096
Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Ақорда

Марат Әшім Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Марат Әшім туралы не белгілі?

1987 жылы Алматы қаласында туған.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежелерін алған.

2010 жылы халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

2008-2009 жылдары жеке компанияда заңгер болып қызмет атқарған.

2009 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің референті, сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің сектор меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2023 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марат Әшім #тағайындау #Ақорда #Президенттің кеңесшісі #Президент Протоколы қызметінің бастығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);