AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Маңғыстаудан Византия дәуірінің күміс тиындары таб...

Маңғыстаудан Византия дәуірінің күміс тиындары табылды

Мәдениет 04.02.2026, 16:20 748
Маңғыстаудан Византия дәуірінің күміс тиындары табылды
инстаграм

Табылған көне мыс пен күміс тиындардың фотосуретін археолог 4 ақпанда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Андрей Астафьевтің айтуынша, тиындар Маңғыстау облысындағы Қарақабақ қалашығын зерттеу кезінде анықталған.

- Мыс және күміс тиындар табылды. Бұл ол кезеңде сауда-көлік торабы болған осы аумақтың Парфиямен, Хорезммен, Маргианамен, Бұхара Соғдысымен, Тохаристанмен, Қытаймен және Византиямен тығыз сауда байланысы болғанын көрсетеді, – деп жазды археолог.

Зерттеуші Шерқала тауы маңындағы сауда алаңынан табылған тиын Аспабота полисіндегі сауда белсенділігінің басталу кезеңін анықтауға мүмкіндік беруі мүмкін екенін атап өтті.

- Бұл — Маңғыстаудан табылған көне тиындардың бірі. Ол Аспабота полисінде сауда қашан басталғанын шамалауға негіз береді. Табылған жәдігер — Аршакидтер әулетіне жататын Парфия патшасы Ород II-нің (б.з.д. 57–38 жж.) күміс драхмасы. Тиын Траксиана деп аталатын, Парфия тарихында аталған шығысирандық өңірде соғылған, – деп жазды Астафьев.

Археологтың айтуынша, тиындар жалғыз олжа емес. Зерттеу барысында қыш құмыралар да анықталған. Бұл олжалар ежелгі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

- IV ғасырда Аспабота/Қарақабақтың қыш шеберлері Солтүстік Кавказ үлгісі бойынша қыш ыдыс жасауды меңгерген. Алайда оларды өздеріне тән, қайталанбас өрнекпен әшекейлеген. Дәл осы өрнек Маңғыстаудың бірегей мәдени белгісі болып саналады. Сол кезеңде кең таралған пішіндердің бірі — биік тұмсықты құмыра тәрізді ыдыстар. Олардың қызметі орта ғасырлар мен қазіргі заманның құмғандарымен ұқсас, – деп атап өтті сарапшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Бүгін 18:45

Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді

Бүгін 18:45

Мемлекет басшысы «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

Бүгін 18:15

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 18:13

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Бүгін 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);