конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққа...

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Мұны білген жөн 05.07.2026, 14:13 155 Сұлу
Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен
instagram.com/112_aktau

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен. Бұл туралы олардың туыстары әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақтау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі үш адамға іздеу жариялап, бағдар таратты. Олар Бекет ата мешіті бағытына барғаннан кейін байланысқа шықпай қалған.

"2026 жылғы 2 шілдеде сағат 16:15 шамасында Жұбатқанов Қанатбек Кеңесбайұлы, Бисенова Ақмарал Раймбердіқызы және Бисенова Мархабат Раймбердіқызы мемлекеттік нөмірі 010 FZA 12 Great Wall көлігімен Бекет ата мешіті бағытына жолға шыққан", - делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, туысқандары жоғалғандармен кейінгі рет 2 шілдеде байланысқа шыққан. Олар Бекет ата мешіті аумағынан WhatsApp арқылы видео жіберген. Содан кейін байланысқа шықпаған. Қазір олардың қайда екені белгісіз.

Қазір полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның жеке құрамы, учаскелік инспекторлар және қоғам өкілдері жоғалған азаматтарды іздеуге жұмылдырылған. Олардың болуы мүмкін жерлері тексеріліп жатыр.

Полиция өңір тұрғындарынан мұқият болуды сұрайды. Іздеудегі адамдардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе тергеуге көмектесуі мүмкін дерек болса, дереу Ақтау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне хабарласу қажет.

Байланыс телефондары: 102, 8 (775) 421-94-96, 8 (775) 509-87-97.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маңғыстау облысы #жоғалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);