Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Маңғыстау облысы тамаққа көп ақша жұмсайды екен

Маңғыстау облысы тамаққа көп ақша жұмсайды екен

Әлеумет 18.11.2023, 13:55 1,353
Маңғыстау облысы тамаққа көп ақша жұмсайды екен
Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығын 14 пайызға өсті, деп хабарлайды stat.gov.kz


2023 жылдың екінші тоқсанында азық-түлік пен сусындарға жұмсаған шығын 13,9% өсіп, 421,1 мың теңгені құрады.


Азық-түлік тауарларының барлық шығындағы үлесі 92%, жалпы тұтыну шығындарынан 52% құрады.


Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған ақша 369,8 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,6% артық.


Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: тоқсанына 557,5 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 13,9% артық.


Тамаққа көп ақша жұмсайтын өңірлер: Маңғыстау облысы - 551,6 мың теңге, Атырау облысы - 512,4 мың теңге, Ұлытау облысы 502,5 мың теңге және Алматы облысы 484,3 мың теңге.


Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығындардың жыл сайынғы ең үлкен өсімі Ұлытау облысында, ең азы - Павлодар облысында байқалды.


Тұрғындардың азық-түлік және алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындарының құрылымында ең көп үлесті 33,4% ет және ет өнімдері алып отыр: республика бойынша орташа көрсеткіш - 140,6 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7% артық.


Екінші қатарда нан өнімдері мен жарма өнімдері тұр: 64,5 мың теңге. “Үштікті” сүт өнімдері жапты - қазақстандықтар оларға 44,7 мың теңге жұмсады, бұл 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,4% көп.


Ел тұрғындары жеміс-жидектерге 35,1 мың теңге, көкөніс сатып алуға 34,3 мың теңге, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 28,1 мың теңге, майға 22,7 мың теңге, алкогольсіз сусындар мен балық,теңіз өнімдеріне 17,6 мың теңге, жұмыртқаға - 9,1 мың теңге жұмсады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маңғыстау #тамақ #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі