AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Мәңгі тірі Мұқағали

Мәңгі тірі Мұқағали

Мәдениет 09.02.2023, 10:01 1,743
Мәңгі тірі Мұқағали
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін - Мұқағали Мақатаевтың туған күні.


ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы және Еңбекші ауылындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен Мұқағали Мақатаевқа арналған «Отаным, саған айтамын» әдеби-сазды кеш өтті.



Шараға арнайы бағдарлама, үлкен дайындықпен келген Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы және Еңбекші ауылының орта мектеп оқушылары Мұқағали Мақатаевтың бірнеше шығармасын нақышына келтіріп, жатқа оқып шықты.


Ақынның туған жеріне арнаған әсерлі жырлары адам бойына ұлттық рух, жан тазалығын дарытып, болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні сөзсіз. Жасөспірімдердің өлеңге деген ынтасы, мәнерлеп оқу шеберлігі, ізденімпаздығы көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленді.


Іс-шараны ашқан Орталық музейі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Саров Сержан Бараханұлы «Әдебиетіміз үшін ғана емес, тұтас руханиятымыз үшін Мұқағали қазақ руханиятындағы аса танымал шығармашыл тұлғалардың бірі. Ақын мұрасы тұнып тұрған өнеге, тағылым. Ақын жырларымен ең алдымен жастарды тәрбиелеуіміз қажет», - деді ол кіріспе сөзінде.


Еңбекші ауылының орта мектеп оқушылары Мұқағали кешіне ақын өлеңдерінің желісімен дайындаған «Аққулар ұйықтағанда» және «Мұқағали Мақатаев» көріністерін көпшілік назарына ұсынды.



Еңбекші ауылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Гүлжан «Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өту мектебімізде дәстүрге айналған. Жыл сайын әдеби кештер өткізу,  өлеңдерін жатқа оқу, әндерін шырқап өнер көрсетуде оқушыларымыз ерекше белсенділік танытады. Орталық музейде көпшілік назарына өнерлерін ұсынуы балалардың шабытын, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсетіні анық», - деді.



Әдеби кештің құрметті қонақтары Алматы қаласының Құрметті азаматы, «Достық», «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері, тіл жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Оспан және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығының, халықаралық Махамбет сыйлығының иегері, Білім беру ісінің үздігі Гүлшара Есетқызы мектеп ұстаздарына үлкен ризашылық, алғыс сөздерін жеткізді. 


Шараны Мұқағали жырларына жазылған әдемі әндермен әрлеп, өнерімен көпшілікті тәнті еткен республикалық Мұқағали Мақатаев байқауының жүлдегері Сиязбек  Өртқалиев, республикалық «Ақберен» байқауның жүлдегері Фатима Әбетей, қалалық «Бала фест» байқауының бас жүлдегері Кенжебек Абдрахман болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұқағали #кеш #туған күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);