AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мамыр – он екі айдың ең сұлуы

Мамыр – он екі айдың ең сұлуы

Керек кеңес 04.05.2023, 05:08 2,353 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
Мамыр – он екі айдың ең сұлуы
almaty-akshamy.kz

шаруаның асыға күткен сүйікті айы




 «...Сағынбай барсаң  теңіз де сенің  тебіренбес жастық шағыңдай,


Бұлбұлдың даусын ести алмайсың,


Бауларға барсаң сағынбай...», – деп ақберен ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, бұл кезде Алматы саябақтарынан бұлбұл ғана емес, кез келген құстың даусын естудің өзі неғайбыл. Неге?


Қазір құс біткен жұмыртқа басып жатыр. Енді 3-4 күнде қызылшақа балапан шығарады. Бұл көріністі қазекең «Қызыл жұмыртқа» амалы деп атаған.


Мамыр – көктемнің соңғы айы. Бұл көне сөз тоқшылық, қоңдану, қызық, рахат деген ұғымды білдіреді екен. Тағы бір мағынасы – аққу мен қаздың қанаттанбаған балапанын да мамыр дейді. Қазақ төрт түліктің баласын төл деп атаса, барлық құстың балапанын мамыр деген.


Мамыр – он екі айдың ең сұлуы, табиғат гүлге бөленген, нұрға кенелген көктемнің тамаша кезі, шаруаның асыға күткен сүйікті айы.


Мамыр айы жаңбырлы болып басталды. Бірде селдетіп, бірде себелеп, есебін тауып күн құрғатпай тұр. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде   жұмыртқа шайқаған құстардың біразы қызылшақа балапан шығарады. Осы кезде ауа райында тосын өзгеріс орын алады. Күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауып немесе қатты жел соғып, дауыл тұрып, соның салдарынан 1-2 күнге созылған суық болады.


Осы кезде зауза қоңызы пайда болады. Ол – қаттықанаттылар отрядының тақта мұрттылар тұқымдасына жататын жәндік. Негізінен, Еуразия құрлығында кең тараған (36 түрі белгілі). Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар: шығыс зауза қоңызы және батыс зауза қоңызы. Көнекөз, емші әжелер зауза (қоңыз) майын жинайды. Ол бірқатар ауруға ем болады екен. Әсіресе, рак ауруларын емдеуге пайдаланады екен.



Алда «Саратан-зауза» амалы бар. Мамырдың 10-жаңасынан 15-жаңасына дейін жалғасады. Саратан – түйенің, Зауза – қызбаланың аты. Амалдың енді бір аты – «Сары шыбжық». Бұл торғайдың аты. Амал кезінде тосыннан күн суытады, ат тұсарынан қар жауып, сабадағы іркіт қатады. «Саратан-зауза» өткеннен кейін ғана түйені күзеген, өйтпесе түйе малы суыққа ұрынып, үсіп өлуі кәдік. Сауын сиырларын жабулап, қораларын бүтіндеген. Халқымыздың «Жабу басында жал қалады, жал қалмаса жан қалады» деген мақалы осы амалға қатысты шығарылған. Амал туралы алдағы пайымымызда барынша толығырақ айтатын боламыз.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін – 4 мамыр, ай бойынша, – 9-ы, қазақы есепке сүйенсек, мамыр айының – 1-ші күні. Демек, апта айдың басын және алғашқы он күнін қамтып тұр.


Алдағы аптада жауын-шашын  бұрынғыдан азаяды. Күннің қызуы күрт көтеріледі. Жеміс ағаштары түйнек салып, өз тіршілігін жалғастыра береді. Күннің ыстығынан еріген қар суы сай-саланы толтырып, өз әуеніне басады…


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Жазға салым соғатын желдің  түрі


*Алтын күрек – үйме қарды әкететін жел.


*Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің  басында соғатын жылы жел.


*Өкпек жел – жазғытұрым солтүстік-шығыстан соғатын  жайсыз жел.


*Самал – жазғытұрым оңтүстік-шығыстан есетін  жайлы жел.


*Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мамыр #пайым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);