Мамандығым – мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым aqshamnews.kz

«Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз,

Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» деп халық даналығында айтылғандай, менің таңдаған мамандығым халыққа, елге ең қажетті мамандық, тек оны үйреніп, меңгеріп, нағыз майталман маман болу менің құзыретімде.  

Мамандық таңдауға менің бала арманым, алдыма қойған мақсаттарым бастау болды. Мақсатқа жету үшін арманыңды дұрыс таңдауың керек. Егер арман іске аспаса, мақсатымның құр болғаны. Ең бастысы, кім болғыңыз келетінін анықтау және өз мақсатыңа табандылықпен жетуге тырысу. Өмірдің қай саласында жетістікке жетуді қаласаң да, өз жолыңдағы қиыншылықтарды жеңе отырып, бүкіл қоғамның игілігі үшін адал еңбек ету.

Кішкене кезімде айдың жарығына, күннің жылуына қызыға қарап, олардың адамға пайдасы жайлы көп ойланатынмын. Есейе келе, мен де адамдарға жарық, жылу сыйласам деген ой пайда болды. Ол үшін ең алдымен адамның жүрегінде жылулық болуы керектігін сезетінмін. Міне, ер жетіп, ес білгеннен кейін адамдарға жүрек жылуымен бірге пайдасы мол электр маманы болу арқылы әлемге жарық сыйлауға болатынын түсіндім. Осылайша мен электр маманы болуға шешім қабылдап, Алматы қаласындағы электромеханика колледжіне оқуға түстім.

Қиындықтары мен қызықтары қатар кездесетін студенттік кезеңнің әр күнін ізденумен, талпыныспен үйренсем, білсем деп кірісіп кетіп, қазір міне 2-курсты да бастадық.

Сабақтан тыс уақытымда теориядан өткен білімімді  тәжірибе жүзінде жетілдіру үшін ұстаздардан қосымша дәріс алуға тырысамын. Себебі, технологияның дамыған уақытында электр саласы да қарқынды дамуда,  сондықтан өзгерістер мен жаңашылдықтың ағымына ілесіп, білім мен білігімізді күн сайын арттырып отыруымыз керек. Қазіргі таңда өмірімізді электрсіз елестету мүмкін емес.

Шағын үй-жайдан бастап үлкен зауыттардың жұмысы тікелей электр жүйесіне байланысты. Сондықтан да, бұл мамандық әрдайым сұранысқа ие. Электр маманы жұмыс тәжірибесі және білім деңгейіне байланысты түрлі дәрежелерге бөлінеді.

Егер өз ісіңнің маманы болсаң, бұл салада үлкен жетістіктерге жетуге болады. Сол себептен өз мамандығымды, біліктілігімді әрқашан жетілдіріп, нағыз маман болуға талпынудамын. Электр маманының жұмысы дәлдікті, мұқияттылықты, жауапкершілік пен сақтықты қажет етеді.

Қазірдің өзінде бос уақытымда осы салада ағама көмектесе жүріп, мамандығымды қатесіз тапқаныма көзім жетуде. Өзім сымдар мен электр жабдықтарын монтаждау жұмыстарын қызыға атқарамын. Егер адамда өз мамандығына деген сүйіспеншілік болса, онда жұмыста береке де, табыс та, жетістік те болары сөзсіз. Мен де болашақта  адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін, ғаламшардың экологиялық болашағы үшін қызмет ететінімді мақтан етемін!

 

Алматы электрмеханика колледжінің

2 курс студенті Айбусын Бекзат Әсетұлы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
3
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:46

17:48

17:05

16:51

16:50

16:24

16:16

16:05

16:01

15:39

15:37

15:33

15:31

15:28

15:25

15:21

14:51

14:43

14:10

13:06

13:01

11:14

11:10

11:06

11:03