AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар мүгедектік бойынша қазақстандықтар қандай...

Мамандар мүгедектік бойынша қазақстандықтар қандай көмек алатынын айтты

Әлеумет 07.10.2022, 10:02 1,614
Мамандар мүгедектік бойынша қазақстандықтар қандай көмек алатынын айтты
Сурет: Advgazeta.ru

Қазақстанда қазанның екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі.


Қазақстан Үкіметі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қандай жағдай жасалып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 705 мың мүгедектігі бар адамның 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста (59,8%), 181,9 мыңы зейнеткерлік жаста (25,8%) және 101,6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,4%).



«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және халықтың осы санаты басқалармен тең өмір сүруі, жұмыс істеуі және оқуы, қоғам өміріне еркін қатысуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы және т. б. үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталған», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мыналарды қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді: мемлекеттік көмек және әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.


Мүгедектігі бар адамдар көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.


Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда.


2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың саны 534,6 мың адамды құрайды. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 254,5 млрд теңге бағытталды.


Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. 2022 жылдың 1 қазанында мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 53 802 теңгені құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #жәрдем #Мүгедектігі бар адамдар #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Кеше 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Кеше 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Кеше 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Кеше 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика