AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар 2030 жылға дейін сұраныста болатын кәсіпт...

Мамандар 2030 жылға дейін сұраныста болатын кәсіптерді анықтады

Әлеумет 29.12.2022, 05:55 1,562
Мамандар 2030 жылға дейін сұраныста болатын кәсіптерді анықтады
Сурет: Vuz24.ru

Алдағы жылдары мұғалімдерге деген сұраныс артады.


Қазақстан үкіметі алдағы жылдары сұранысқа ие болатын кәсіп түрлерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ дайындаған 2023-2030 жылдарға арналған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде сарапшылар таяу жылдары неғұрлым талап етілетін қызметтердің ТОП-25 тобын анықтады»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ең «қажет» – орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері болды.


ЕРДО талдаушылары Ұлттық қызметтер жіктеуішінің ең толық деңгейінде ТОП кәсіптерді анықтады. Ол келесідей:



  1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;

  2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;

  3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;

  4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;

  5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;

  6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;

  7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;

  8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;

  9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;

  10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;

  11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;

  12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;

  13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;

  14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;

  15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;

  16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;

  17. Аспаздар – 20,5 мың адам;

  18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;

  19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;

  20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;

  21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;

  22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;

  23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;

  24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;

  25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.


«Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер – 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады», – деді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.


Ең аз қажеттілік «Әкімшілік саласындағы басқа қызметкерлер», «Жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы фермерлері», «Қолөнершілер, дәл құралдар, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар», «Өнімді жинаушылар мен сынаушылар» және «Аңшылар мен орман және балық өнімдері өндірісінің жұмысшылары» топтарында күтіледі. Болжам бойынша, жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #маман #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика