AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс Төрағасы сайланды

Мәжіліс Төрағасы сайланды

Әлеумет 01.02.2022, 05:04 1,152
Мәжіліс Төрағасы сайланды
kaztag.kz


Мәжілістің жаңа Төрағасына Ерлан Жақанұлы Қошанов сайланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.


Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.


Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген. Институт бітірген соң, Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.


1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.


1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.


1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.


1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.


1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.


2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.


2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.


2017-2019 – Қарағанды облысының әкімі.


2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды


«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #парламент #Қошанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);