Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәжіліс депутаты атаулы әлеуметтік көмек көлемін а...

Мәжіліс депутаты атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыруды сұрады

Әлеумет 02.02.2022, 10:38 1,127
Мәжіліс депутаты атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыруды сұрады
Сурет: Inform.kz

Бүгін тұрмысы төмен халықтың мұңын тағы бір депутат көтерді. Үкімет басшысына жолдаған сауалында АӘК көлемін арттыру жайы қозғалды.


Мәжілістің жалпы отырысында депутат Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Атап айтқанда, отбасылардың жағдайы бірдей емес, бір жерде ата-ана балаларын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алса, енді бір жерде ондай мүмкіндік жоқ. Кемінде 625 мың, демек әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Бұндай отбасыны қолдаудың бір түрі - атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Алайда оның мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 6 адамнан тұратын отбасына берілетін АӘК 7 мың теңгедей ғана», - деді Д. Зәкиева Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.



Оның айтуынша, көмекке мұқтаж баланы немесе отбасын өздігінен анықтап, көмек көрсетудің орнына, жұмыс тек келіп түскен өтінішпен жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар туралы мүлдем естімеген, қандай құқықтарының бар екендігін білмейтін, құжаттары жоқ болған соң қарапайым қызметтер мен көмек түрлерін ала алмай жүрген 200-ден астам отбасы анықталды.



«Ешқашан мектепке бармаған 10-13 жастағы балаларды, аурулары барына қарамастан, туғаннан бері ешқандай медициналық тексеруден өтпеген балаларды көрдік. Бұл отбасылар туралы учаскелік қызметтер әкімдіктерді хабардар етсе де, олар адам шошырлық жағдайда өмір сүрулерін жалғастырған. Бүгінде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, ал қолайсыз жағдайда деп есепте тұрған отбасыларда 12 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Нәтижесінде, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі көбінесе бала құқықтарының бұзылуы мен қайғылы салдарларға, яғни балалар үйіне түсуіне және зорлық-зомбылыққа әкеп соғады», - деді депутат.


«Мұның себебі неде? Функционалдық талдауымыз көрсеткендей, отбасы және бала құқықтарын бұзудың алдын алу мәселелері немқұрайлы, әрі соңғы кезекте қаралып жүр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жұмысы көп жағдайда тек формалды түрде ғана. Комиссия мүшелерінің жұмыстың көптігінен отбасыларға баратын уақыты жоқ. Ал үйлестіру мен бақылау қызметі бір ғана хатшыға жүктелген», - деді ол.



Бүгінгі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Оған депутаттар келесі тармақтарды қосуды ұсынады:


1. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру үшін АӘК-ті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыру. Яғни 1 балаға 36 мың теңге. Бұл үшін қосымша 225 млрд теңге керек.


2. Елді мекендерде отбасына кешенді түрде көмектесу және бала құқықтары бұзылуының алдын алу жөніндегі өкілетті органдар арасында жұмысты үйлестіріп отыратын және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі дербес басқарма құру.


3. Стратегиялық құжаттарда көрсетілген отбасы институтын нығайту, отбасылық қолайсыздықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі нысаналы индикаторларды өңірлердің Аумақты дамыту жоспарларына енгізу.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутаттық сауал #Атаулы әлеуметтік көмек #халық жағдайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика