Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мәжіліс биылғы жылды қалай қорытындылады?

Мәжіліс биылғы жылды қалай қорытындылады?

Билік 29.12.2021, 06:24 1,219
Мәжіліс биылғы жылды қалай қорытындылады?
Сурет: Inform.kz

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс палатасының жұмысын қорытындылады


Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның 2021 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін біз 2021 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізіп отырмыз. Сондықтан осы жылдың және жалпы екінші сессияның кейбір нәтижелеріне тоқталмақпын. Ерекше айту керек, жуырда ғана  Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы 30 жылдың әрбір белесі - біз үшін қайталанбас тарих. Бұл жолда біздің Парламент өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экомикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының заңнамалық тірегі болып келеді. Біз қабылдаған әрбір құжат, ең алдымен, еліміздің экономикасын арттыруға, халықтың әлеуметтік жағдайын, соның ішінде өнеркәсіп, денсаулық, білім салаларын жақсартуға арналып келеді», - деді Н. Нығматулин палатаның жалпы отырысында.



Сонымен бірге ол биыл шағын және орта бизнес, экология мәселелеріне де ерекше назар аударылғанын атап өтті.



«Осының барлығы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Алдымызда әлі де көптеген маңызды міндеттер тұр. Біз келесі жылы да қалыптасқан тәжірибені, мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздегі реформаларды және өзгерістерді тиісті заңдармен қамтамасыз етеміз деп сенеміз», - деді Мәжіліс төрағасы.



Осы орайда ол депутаттарға, Мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтты. 2022 жылы ауқымды жұмыс күтіп тұрғанына тоқталған Н. Нығматулин барша фракцияның, депутатардың бірлескен жұмысының арқасында Мәжіліс сапалы әрі тиімді заңнамалық қолдауды қамтамасыз ететініне сенімді екенін айтты.


Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #қорытынды #палата
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін 14:07

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика