AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Майқайыңда құтқарушының мәйіті жарты жалдан кейін...

Майқайыңда құтқарушының мәйіті жарты жалдан кейін табылды

Оқиға 19.07.2024, 16:35 1,116 dulatbekova
Майқайыңда құтқарушының мәйіті жарты жалдан кейін табылды
Cурет: «Майқайың» АҚ

Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында биылғы жылдың қаңтар айының басында автобуспен бірге ескі шахтаның шұңқырына құлап кеткен төрт құтқарушының үшіншісі – 36 жастағы Айдос Шаймерденнің мәйіті табылды.

Бұл ақпаратты Айдос Шаймерденовтың әйелі Нұрсұлу Шаймерден растады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

 Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының Павлодар филиалы құтқарушының мәйіті төтенше жағдайдан алты ай өткен соң, 19 шілде күні таңертең табылғанын хабарлады.

«Құтқарушы Айдос Шаймерденнің мәйіті табылды. Мәйітпен бірге оның төсбелгісін де таптық. Қазір мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Біз оны бүгін, 19 шілдеде сағат 06:15-те алдын ала болжанған жерден тауып, іздестіру жұмыстарын жүргіздік, мәйіт сағат 13:45-те ғана шығарылды», деді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Павлодар филиалы басшысының орынбасары Ерлан Жаркімбеков.

Бұрын хабарланғандай, іздеу шаралары 28 маусымда қайта жанданды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында төрт тау-кен құтқарушысы мінген автобус шахтаны тазалау кеңістігіне құлап кеткен болатын. Сол күні екі құтқарушы өлі табылып, жер бетіне шығарылды. Жедел көліктің 55 жастағы жүргізушісі Айып Тілеубергенов пен взвод командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі осы уақытқа дейін жер астында болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Майқайың #апат #құтқарушы мәйіті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);