Майдангерге мың алғыс

Майдангерге мың алғыс Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Ардагерге оркестрмен ерекше құрмет көрсетті

 

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Поповты арнайы барып құттықтады.

Ашық аспан астында өткен салтанатты іс-шарада ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы шекара академиясының үрмелі аспаптар оркестрі Жеңіс күніне арналған музыкалық композициялар орындады.

Мәдени шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Алматы қаласы ҚХА ақсақалдар кеңесі мен «Жомарт жан» орталығы ұйымдастырды.

Ардагерге құрмет көрсету рәсіміне ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Оспанов, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Абдухалил Долкунтай, сондай-ақ ардагердің балалары, немерелері мен шөберелері қатысты.

Көпқабатты үй ауласында өткен шараны көршілері балкондардан бақылап, қол соғып, шын жүректен алғыс білдірді. Анатолий Поповқа гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды.

Анатолий Попов 1926 жылы 13 қаңтарда Қаскелең қаласында дүниеге келген. 1943 жылы әскери байланысшы болып 2-Прибалтика майданына жіберіледі. Риганы азат ету операциясына қатысып, «Риганы азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң Саратов әскери-медициналық училищесін тәмамдап, Германияда бес жыл фельдшер қызметін атқарған. Кейін Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметте 30 жылдан аса еңбек етті. Екі қыз өсіріп, бүгінде 4 немере мен 6 шөберенің ардақты атасы.

 

Тақырыпқа орай:

 Абдухалил ДОЛКУНТАЙ, «Жомарт жан» орталығының жетекшісі:

«Ардагерлерге тағзым – біздің азаматтық борышымыз. Анатолий Назарұлы секілді аталарымыздың арқасында бүгін бейбіт өмір сүріп отырмыз. Қан кешіп келген сол буынның ерлігі – жастарға үлгі. Біз ардагерлерімізді ұмытпауға, қадірлеуге міндеттіміз. Қазақстанымыз аман, еліміз тыныш болсын!»

 

Болат ОСПАНОВ,  Алматы қаласы ҚХА ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары:

«Анатолий Попов – ұрпаққа үлгі болатын батыр. Біз Ассамблея аясында жастармен жиі кездесіп, осындай тағылымды жүздесулер арқылы тарихи сананы жаңғыртып келеміз. Қаламызда ақсақалдар кеңесі мен «Жомарт жан» жобасы бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Бұл шара – соның жарқын дәлелі.

 

Маргарита КИРИЛОВНА, шөбересі:

«Мен атамды өте жақсы көремін. Ол бізге соғыс туралы көп әңгіме айтып берді. Қорқынышты болған екен. Жеңіс үшін атамызға мың алғыс! Осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге біз әрдайым ризамыз. Атам – біздің мақтанышымыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

16:20

16:16

16:03

15:41

15:35

15:21

15:00

14:50

14:49

14:48

14:33

14:27

13:54

13:48

13:36

13:34

13:31

13:30

13:28

13:25

13:22

13:20

13:18

13:16