AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға үміткер 265 адамның тест нәтижесі ж...

Магистратураға үміткер 265 адамның тест нәтижесі жойылды

Білім және ғылым 03.08.2022, 07:47 1,815
Магистратураға үміткер 265 адамның тест нәтижесі жойылды
Сурет: 24.kz

Олардың көбі телефон, шпаргалка қолдану сияқты әрекеттерімен ереже бұзған.


Магистратуға түсуден үміткер 265 адамның тест нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беруге болады. Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш беріледі, өтініш бес күн ішінде қаралады. 


Ұлттық тестілеу орталығы Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындысын жариялады.


Орталықтың хабарлауынша, тестілеу басталғалы 35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырып, олардың 45%-ға жуығы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш – 72 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинаған.



«Тестілеу басталғалы 265 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 144 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 117 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар постпрокторинг қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Олар емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан алып шығуға тырысқан», - деп жазылған хабарламада.



Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылатыны белгілі. Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.



«Тестілеудің бірінші аптасында кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды. Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды. Кешенді тестілеудің екінші аптасында бұндай ереже бұзушылықтар анықталған жоқ»,- делінген ҰТО хабарламасында.



Осы аптада азаматтық емес жоғарғы оқу орындары, атап айтсақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ҚР ІІМ академиясы, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге тіркелу аяқталған. Осы санаттағы оқуға түсушілер үшін шет тілінен түсу емтиханы 6 тамызда өтеді.


Айта кетсек, биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. Кешенді тестілеу 20-шілдеде басталды, 10 тамызда аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура #тест #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:47

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика